
Шымкент қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына апта сайын мониторинг жүргізуде. Жалпы қалада азық-түлік тауарларының қоры жеткілікті, тапшылық жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты өткізген кеңесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізуді тапсырған болатын. Осыны ескерген шымкенттік шенеуніктер нарықтағы жағдайды қазір қатаң бақылауға алған.
Шымкентте халық жиі тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түліктен ешқандай тапшылық жоқ. Күнделікті тұтынатын, нан, ет, сүт, ұн, көкөніс, қант-шай қала аумағында жеткілікті мөлшерде. Өңірлік тұрақтандыру қоры азық-түлік нарығындағыбағаны тұрақтандыруда.Қорға жергілікті бюджеттен 7,7 млрд.теңге бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қаладағы «Магнум», «Грамад» ірі сауда желілерінде шекті бағада сатылуда.
Айбек Сәттібаев – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Шаһар аумағындағы азық-түліктер сатылатын сауда орындарындағы бағаны қадағалау үшін арнайы мониторингтік топ құрылған. Әкімдік өкілдері мен тиісті департамент қызметкерлерінен құралған комиссия мүшелері тексеру шараларын ұдайы ұйымдастырып отырады. Олар бағаның негізсіз көтерілуіне байланысты арыз-шағымдарды да қарайды.
Айбек Сәттібаев – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Бағаны негізсіз көтеруге жол жоқ. Ал қолдан қымбатшылық жасайтындарға заң аясында шара қолданамыз дейді,-жауаптылар. Айта кетейік, бағаны реттеуге мүмкіндік беретін жәрмеңкелер төтенше жағдай кезіндежұмыс істемейді.