ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ ДИОДТЫ ЖАРЫҚ ШАМДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

13:31, 21 маусым 2021

Шымкентте диодты жарық шығарылатынын білесіз бе? Иә, бүгінде көше бойында орнатылған шамдар өзімізден шығарылуда. Бұл деген Шымшаһарда Отандық өнімге деген сұраныстың артып келе жатқанының көрінісі. Тіпті, тұрмысқа қажетті қарапайым заттардан бастап, тұтынатын тауардың түр-түрі шығады.

Бұл Казтехникас зауыты. Шымкентте алғашқылардың бірі болып   диодты жарық шамдар шығаруды қолға алған.  Тассай индустриалды аймағында орналасқан өндіріс ошағының аумағы 1,5 га. 2015 жылы құрылып, күні бүгінге дейін қарқынды жұмыс істеп келеде.   Аталған кәсіпорынның жобалық қуаты - жылына 70 мың шам шығаруға қауқарлы. Қазір мұнда 40-аса қызмет жұмыспен қамтылған.

Әзімбек Марат – «Казтехникас» ЖШС «Даму» басқармасының басшысы

Айтып өтейік, жобаның жалпы құны - 500 млн. теңге. Қажетті қаражат көзі кәсіпорынның өз есебінен жұмсалған. Бүгінде  «КазТехникас» ЖШС жұмыстың тиімділігін арттыруда заманауи технологиялармен жабдықталған. Мұнда жарықтандыру және энергия үнемдеу бағытындағы тиімділігін көрсеткен соңғы үлгідегі заманауи технология қолданылады.

Сағынғали Нышан – кәсіпорын қызметкері

Ине шықса да, түйме шықса да, әйтеуір, өзіміздің отандық өнім болғанға не жетсін. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та өзімізден шыққан өнімді қолдау керек екенін үнемі айтып отырады. Бүгінде Шымкентте тұрғындар тарапынан отандық өнімге деген сұранысжоғары. Әсіресе, сапасы мен бағасы қолжетімді болғандықтан тұтынушылардың қатары күн санап артуда.

 

Айдана Қуанышқызы                                                                                                                                                               

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...