ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ

13:48, 9 қаңтар 2022

Түркістан облысындағы «Ынтымақ» блокекетінде Алматы қаласындағы тонауға қатысқан деген күдікпен екі адам ұсталды. Олардан түрлі техникалық құрал жабдықтар табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық коммендатураның мәліметінше, бүгін таңғы сағат 07:30-дар шамасында Алматы-Түркістан бағытынан келе жатқан автобус тоқтатылған. Ондағы жолаушылардың тұлғасы мен жүктерін қарау барысында екі азаматтан түрлі тұрмыстық техникалық заттар табылған.

«Алматы-Түркістан бағытынан келе жатқан автобустың жолаушылары 30.12.1995ж.т. М.Ұ.Н. (ұлты қазақ, алдын тонау фактісімен сотталған) және 02.04.1998ж.т. Б.Б.Б. (ұлты қазақ, алдын ұрлық пен сотталған) жүктеріне тексеру жүргізу барысында 1 ноутбук, 2 Iphone, 1дана Samsung телефондары, 3 Canon фотоаппарат, 11 алтын бұйымдары және 2 сөмке жаңа киімдер анықталды. Осы оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Аталған оқиға Түркістан ҚПБ-ның АЕК №225126030000301тіркелді» делінген хабарламада. Сондай-ақ, дәл осындай жәйт Жетісай ауданында да тіркелді. Онда блокпостта тоқтатылған екі жолаушыдан бірнеше тұрмыстық техникалар табылған. Олардың тәртіпсіздік кезінде Шымкент қаласындағы дүкендерді тонауға қатысқаны анықталып отыр. Тергеу барысында бір тұрғын қылмысын толық мойындаған.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗСУ БҰРҚАҚТАРЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
13:51, 19 мамыр 2022
ШЫМКЕНТТЕ АУЫЗСУ БҰРҚАҚТАРЫ ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
МҮЛІКТІҢ МЕНШІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІ  ТИІМДІ ЖОБА
13:48, 19 мамыр 2022
МҮЛІКТІҢ МЕНШІК ИЕЛЕРІ БІРЛЕСТІГІ ТИІМДІ ЖОБА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар