ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАРЛЫҚ СЕКТОРЫНДА ОҢ ӨСІМ БАЙҚАЛАДЫ

17:44, 14 қыркүйек 2021

ҚР Премъер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев экономикалық көрсеткіштердің орындалуы жөнінде хабарлама жасады. «Барлық көрсеткіш бойынша оң өсім 5 өңірде – Шымкент қаласында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстарында байқалады. Ал, 6 көрсеткіш бойынша 8 өңірде өсім бар. 3 өңірде 5 көрсеткіш бойынша өсім тіркелді. Батыс Қазақстан облысында тек 3 көрсеткіш бойынша өсу байқалды», - деді Әсет Ерғалиев.

Шымкент қаласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2021 жылдың 8 айында 201,1 млрд теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 135,9 пайызға артқан. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның құрылымында жекеменшік инвестицияның үлесі 72 пайыз болса, мемлекеттік инвестицияның үлесі – 28 пайызды құрайды. Жекеменшік инвестиция үлесінің артуы инвестициялық штаб жұмысының тиімділігін көрсетеді. Тұрғын үй құрылысы саласында биылғы жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 14 541 пәтерлі 275 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.Жалпы ағымдағы жылы 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған

ШЫМКЕНТТЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ТОЛЫҒЫМЕН ДАЙЫН

Үкімет отырысында өңірлердің 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары да пысықталды. Аймақтардағы дайындық барысы жөнінде баяндаған ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Шымкенттегі білім беру, денсаулық сақтау нысандарының алдағы жылыту маусымына 100 пайыз дайын екендігін айтты. Қалада орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1 945 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 1 847-сі, яғни 95%-ы жылу маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Ал, әлеуметтік нысандар ы толығымен дайын. «Қуатжылуорталық-3» МКК-на қарасты 12 дана жылу қазандығы, 17 сорғы стансалары 100% жылу маусымына дайын. «К-19», «ПМК-49» қазандықтарына қажетті 1,1 мың тонна көмір тасымалданған. Шымкенттегі жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 29,5 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда оның 28,4 шақырымында жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл 96% құрап отыр, қазан айына дейін жұмыстар толығымен аяқталады.

 

АВТ. НҰРСҰЛТАН.                       

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...