ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ ЕКПЕ САЛДЫРҒАН ОҚУШЫЛАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

17:36, 22 қараша 2021

Шымкентте оқушылар екпесіне деген көзқарас оңалып келеді. Қалада вакцина салдырған жеткіншектер саны артуда. Осыған дейін PFIZER екпесін 1257 адам салдырған. Оның дені мектеп шәкірттері дейді дәрігерлер. Екпе алған жасөспірімдердің жағдайы қалай? Вакцинацияланған балаларға қандай күтім қажет? Әріптесім Мақпал Рысбаева осы сауалдарға жауап іздеп көрді.

Мақпал Рысбаева тілші

Мектеп дәлізінде иін тірескен бұл шәкірттер мен ата-аналар вакцинаның кезегінде тұр. Ата-аналардың көбісі мұғалімдерге алдын-ала  жазбаша келісім бергенімен процесті көзбен көруге арнайы келіпті. 11- сынып оқушысы Зарина Сарманова да анасымен бірге.   Қауіпті індеттен сақтанып, қалыпты жағдайда өмір сүруге мүмкіндік беретін бірден-бір жол осы дейді жеткіншек.

Зарина Сарманова, оқушы

Айта кетейік, қалада осыған дейін PFIZER екпесін 1257 адам салдырған болса, оның 982-сі 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Қалғаны - жүкті,  емізулі әйелдер. Ақ халаттылар вакцинадан кейін оқушыларды арнайы бөлмеге отырғызып, жүрек жалғатты. Екпе алғаннан кейін кәдімгідей күтім қажет дейді дәрігерлер. Бастысы, суықтап қалудан сақтану керек.

Әлия Бекқұлқызы дәрігер:

Оқушылар вакциянасы туралы естігенде шымкенттіктер әуелде өре түрегелгені рас. Алайда, бүгінде жеткіншек балаларын вакцинацияуға келісім берген ата-аналар қатары күннен-күнге артып отыр.  Екпені жергілікті емханалар мен мектептерде салдыруға болады. Санитар мамандар вакцина салынатын орындарды күннен бұрын  тексеріп, тиісті талаптарды ескеріп отырады.

 

Автор: М.Рысбаева

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...