ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ ЭПИД АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

17:30, 7 қазан 2021

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов баспасөз отырысында мәлімдеді. Дегенмен, арқаны кеңге салуға әлі ерте деген мегаполистің бас дәрігері, күн суыта өршитін тұмау маусымына дайын болуымыз керек, деп түйді. Бүгінде короновируспен қатар тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары жүргізілуде. Вакциналарды салдыруда уақыт ара қашықтығын қалай сақтаймыз? Алдағы сюжеттен білейік.

Дәл қазіргі таңда короновирус инфекциясын жұқтырған 1136 науқас тіркелген. Оның, 406-ы стационарда ем қабылдауда. Ол жердің төсек-орын толымдылығы 50% құрап отыр. Осы орайда, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты қалада 2977 төсек – орны жабылған. Ал, жан сақтау бөлімінде 364 орын қысқартылыпты. Қалған  180 төсектің бүгінде 68 –і бос емес екен. Жыл басынан бері вирус жұқтырған 34 811науқас анықталса, оның 33 191 емделіп шыққан. Өкінішке орай, 1134 адам ауруынан айықпастан көз жұмған. Олардың басым көпшілігі вакцина салдырмаған, дейді мегаполистің бас дәрігері.

Бақытжан Позилов – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Бүгінде корновируспен қатар тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, вакциналардың уақыт ара қашықтығын қатаң сақтау қажет, дейді салаға жауапты басқарма басшысы. Қалада 45 екпе егу пункті бар. Олар таңғы сағат 8 ден бастап кешкі 20:00 дейін жұмыс жасайды. COVID-19 індетіне қарсы екпенің бүгінде 1-ші компонентін 89,3% адам салдырса, 2 компонентін салдырғандардың көрсеткіші 74,2% құрап отыр.

Бақытжан Позилов – Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Шымкенттің бас дәрігенің сөзіне сенсек, қалада COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры жеткілікті. Бұл ретте дене қызуын төмендететін дәрілер 1 млн. 261 мың науқасқа, вирусқа қарсы препараттар 217 675 науқасқа, антибиотиктер 313 801 науқасқа, антикоагулянттар 13 383 науқасқа, гормоналды препараттар 53 192 науқасты емдеп шығуға жеткілікті көрінеді.  

 

Г.Асқарқызы                              

Тақырып бойынша материалдар

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:23, 26 қараша 2021
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ...
Толығырақ...
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
20:19, 26 қараша 2021
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
20:14, 26 қараша 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

13:05, 22 қараша 2021
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ «ONTUSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТІМЕН ЖҮЗ...
Толығырақ...
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
17:29, 22 қараша 2021
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Толығырақ...
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...