ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ ІНДЕТ УШЫҒЫП ТҰР

16:54, 28 шілде 2021

Қазақтың жауы той жиын. Себебі мегаполисте COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың басым бөлігі той тойлап, сақтыққа салғырт қараған қаракөздер. Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы стационарларда 3150 төсек орын бар. Соңғы жаптада оның жетпіс пайызы толып қалған.

Кенжехан Дүйсенбі – тілші

Шымкентте ковид індеті ушығып тұр. Алайда қауіпті індетке сенбей серуен құрып той тойлап жүрген тұрғындар қатары азаймай тұр . Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұхан бақ өкілдерін бастап ковид орталығына арнайы келді.

Қала билігі халыққа қауіпсіз жағдай жасау үшін барын салуда. Дәрі-дәрмек қорын түгендеп науқастарға қосымша төсек-орын дайындауға атсалысуда.  Өткен аптаның өзінде індет жұқтырғандарға арнап қосымша  600 орын ашылған. Жаңа орындар бір жұмада лық  толып қалған. 

Шыңғыс Мұхан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Бізде 6 реанимация болған. Оны 30-ға көтердік , қазір 55 болды. Себебі соңғы уақытта ауыр жағдайда түсіп жатқан науқастар көп. Бұл жерде 10-шы шілдеде аштық. Содан бері 35 адам қайтыс болған кешегі күнде 3 адам қайтыс болды.

Аңдамай жүріп ауру жұқтырғандардың бірі Гүлзейнеп Елғонова. 70 ті алқымдаған батыр ана ұят болмасын –деп той жиыннан қалмайтын шымкенттіктердің бірі. Енді міне көңіл көтеремін деп ковид жұқтырды. Мұндай ауруды дұшпанымада тілемеймін деп бармақ шайнап отыр.

Гүлзейнеп Елғонова – науқас

Ішек қарынып ақтарылып кеткендей болды демала алмай.  00:12-00:29,  Айналайын шырақтарым немерелің үшін отбасыларың үшін үйлеріңде отырыңдар. Не бар сандалып көшеде.

Қала әкімінің бірінші орынбасары арнайы барған №2 аурухананың өзінде 350 төсек орын бар. Оның  55-сі  шансақтау бөліміне бөлінген. Қазір  52 науқас ауыр халде жатыр.  7 жүкті әйелдерге арналған жансақтау бөлімінде 4 әйел ем қабылдауда. Індеттен көз жұмғандар қатарыда күн санап артып келеді.

Асқар Рахматалиев – Шымкент қалалық  №2 аурухананың бас дәрігері міндетін атқарушы

Күніне 4-5 науқас қайтыс болып жатыр. Сондықтанда өздеріңізді сақтау үшін той томалаққа бармаңыздар. Себебі ауруханаға жанұясымен алып келіп жатыр.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалада  COVID-19 инфекциясымен 10 мыңнан астам жағдай тіркелген. Оның 7 мыңға жуығы симптоммен қалғаны симптомсыз.  18 жасқа дейінгі балалар арасында 2 мыңға жуық жағдай тіркелген.

 

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...