
Шымкентте 15-ші ақпан мен 19-ы аралығында «Мигрант» профилактикалық іс-шарасы өтті. Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген шара барысында іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталып, көші-қон заңнамасын бұзған 245 шетелдік және 74 Қазақстан Республикасының азаматы анықталды.
Іс-шара барысында шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 59 және шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 15 Қазақстан Республикасының азаматтары анықталды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы бойынша 3 жайт анықталды. Жалпы 2018-2020 жылдар аралығында көші-қон заңнамасын бұзған 8 шетелдік ел аумағынан шығарылды.
Мухтар Бухарбаев - Шымкент ҚПД ЖПҚБ-ның бастығы
Ернұр Бөбеев