
Шымкентте тауар бағасы тұрақты. Ірі сауда орталықтары мен базарларда баға өсімі байқалмайды. Жаңа жыл мерекесінен кейін қайта кейбір көкөңіс түрлерінің құны төһмендеген.
Базардағы қияр бағасы 800, қызанақтың келісі 550 ден. Картоп 220, сәбіз 200 теңге көлемінде. Пияз 100 теңге, қызылша 200 теңге көлемінде. Алушылар базардағы нарықтың өсімі байқалмайды –дейді.
Айтқандай қыс мезгілінде еттің саудасы қызатыны белгілі. Базарда жылқы етінің майлы жілігі 2800 теңгеден саудалануда. Қазының келісі 3500 ден. Сиыр еті 2300-2400 ден. Қой еті біршама төмен. Дегенмен жыл басынан бері базарға келушілер қатары азайды –дейді саудагерлер.
Умида Ибатова – саудагер
Ия саудалар жай болып қалды. Жаңа жылдан алды жақсы еді. Баға түсті
Шымкентте Тауар бағасын тұрақтандыру қорына мемлекеттен 5,7 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржының 5.4 млрд –ды кәсіпкерлік субьектілерінің айналым қаражатына берілген. Осыған байланысты Грамад, Фиркан, Магнум сауда орталықтарымен келісім шарт түзілген.Қаладағы ірі сауда кешендерінде де күнделікті қажетті тауарлар бағасы тұрақты.
К. Дүйсенбі