ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

12:27, 13 қаңтар 2022

Төтенше жағдай режимі енгізілгелі Шымкент қаласында жағдай тұрақты. Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде. Қала аумағында түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін «коменданттық сағат» жүзеге асырылуда, стратегиялық нысандарды күзету күшейтілген.

Қаладағы қоғамдық саяси жағдай тұрақты бақылауда. Қалада жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 мың 568 адам жеткізілді. Бүгінге дейін 442 құқық бұзушылық анықталды. Оның 298-і бойынша қамауға алу, 44 айыппұл және 100 ескерту шарасы қабылданды.«Коменданттық сағатты» бұзғаны үшін 204 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 75-і қамауға алынды. Қала шекараларында орнатылған блокбекеттерде 15 мыңға жуық автокөлік тексеріліп, 9 адам ұсталды. Көліктерді қарау кезінде 2 газ тапаншасы тәркіленді. Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша 78 азамат қамауға алынды. Қылмыскерлердің ұяшықтарын анықтау мақсатында экстремизм және көші-қон желісі бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ, қаладағы жалдамалы пәтерлер пысықталуда. Оның нәтижесінде бір тұрғынның балконынан тротуар тастары табылып, ал басқа жалдамалы пәтерден Түркістан облысының 4 тұрғыны ұсталды. Олардан Шымкент қаласының «Метро» сауда орталығында тәртіпсіздік кезінде ұрланған азық-түлік тауарлары тәркіленді.Қазіргі уақытта қалалық полиция департаменті әскери бөлімдер және ТЖД күштерімен бірлесіп, төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуде. Осы ретте, қала тұрғындарын өздері мен жақындарының қауіпсіздігі үшін ТЖ режимінің барлық ережесін сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, деструктивті күштердің арандатуына ермеуге шақырамыз.

 

АВТ. ЕРНҰР.                     

Тақырып бойынша материалдар

ШАРДАРАДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК 50 ТЕҢГЕМЕН ЖҮРЕДІ
17:35, 8 тамыз 2022
ШАРДАРАДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК 50 ТЕҢГЕМЕН ЖҮРЕДІ
Толығырақ...
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР
17:32, 8 тамыз 2022
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТЕДІ
17:30, 8 тамыз 2022
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТЕД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАБАҚШАЛАР МЕН МЕКТЕПТЕРДІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ БАСТЫ НАЗАРДА
17:21, 4 тамыз 2022
БАЛАБАҚШАЛАР МЕН МЕКТЕПТЕРДІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
18:10, 5 тамыз 2022
ШЫМКЕНТТЕ МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
58 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
18:04, 5 тамыз 2022
58 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Толығырақ...