
Шымкент қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап 3 520 адам Полиция департаментіне жеткізіліп, бүгінгі күні 261 құқық бұзушылық анықталды. Ол азаматтардың 223-і бойынша қамауға алу, 19-на айыппұл салу және 19-на ескерту беру туралы шешім қабылданды.
Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша жаппай тәртіпсіздіктердің 57 қатысушысы абақтыға қамалды. Күдіктілерден 6 патроны бар калибрі 16 мм шолақ мылтық, 9 мм жауынгерлік калибрге қайта жасалған 1 травматикалық тапанша 5 патронымен, калибрі 7,62 мм 67 жауынгерлік патрон және калибрі 5,45 мм 3 жауынгерлік патрон, сондай-ақ тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының «Аппорт» сауда орталығынан ұрланған 23 дана «Айфон 11-ПРО» маркалы және «Самсунг а-25» маркалы 3 телефон тәркіленді. Жаппай тәртіпсіздік кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция қызметкерлері арасынан 48 қызметкер әртүрлі жарақаттар алып, зақымданған 91 автокөліктің ішінде 8-і өртенді. Сондай-ақ, төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап комендаттық сағатты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 83 құқық бұзушы тартылды. Оның 47-і қамауға алынды.Одан бөлек, тәулік бойы қаладағы 7 блокбекетте күдікті адамдарды және тыйым салынған заттарды анықтау үшін көлік құралдарының қозғалысы тексеріліп жатыр. Блокпосттарда 12 540 автокөлік тексерілді. Нәтижесінде тәртіпсіздікке қатысқан 8 адам ұсталды. Көлікті қарау кезінде 1 газ тапаншасы тәркіленді.