ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ТҮСЕТІН АРЫЗ-ШАҒЫМДАР САНЫ АЗАЮДА

16:58, 9 маусым 2021

Шымкент қаласының әкімі 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысын пысықтады. Жиында жылдан-жылға жылыту маусымында тұрғындар тарапынан түсетін арыз-шағымдар саны азайып жатқандығы айтылды. Мәселен, 2019 жылы - 359 арыз-шағым, 2020 жылы 175 арыз түсіп, 49% төмендеген. Биылғы жылыту маусымында - 147 арыз-шағым түсіп, 16% төмендеді. Бұл өз кезегінде жылу жүйесінде қызмет көрсету сапасының біршама өскендігін көрсетіп отыр.

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбеков жылыту маусымына дайындық мақсатына арнайы штаб құрылып, кестеге сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады. Қаладағы жылу жүйелерінің тозу деңгейі өткен жылдары 42,7%-дан 38,1%-ға төмендеген болса, 2021 жылы 36,2%-ға азайған. 29,3 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу жүйесіндегі 5 сорғы станциясы, 36 көпқабатты тұрғын үй, 22 бюджеттік нысан қысқа дайын. Одан бөлек, қаладағы 12 дана жылу қазандықтың қысқы маусымға дайындалғаны 1 дана (К-54), қалған 11 қазандықта жұмыстар жалғасуда. Оның ішінде Нұрсат ш/а орналасқан «160 Гкал» қазандығы, «Тұран» ш/а орналасқан қазандығы және «Шым-Сити» ш/а орналасқан қазандығы 1.06.2021ж. - 30.06.2021ж. аралығында жоспарлы түрде тоқтатылып, тұтынушылар ыстық судан уақытша ажыратылады. Жиналыс қорытындысында қала әкімі тиісті сала басшыларына дайындық жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды және атқарылған жұмыстарға тұрақты мониторинг жүргізуді жүктеді.

 

АВТ. МАҚСҰТ.                      

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...