ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТЕГІ КАМЕРАЛАР ТОЛЫҚТАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

18:07, 26 қараша 2021

Шымкенттік шумахерлердің құлағына алтын сырға. Бүгіннен бастап қаладағы барлық сергек бейнебақылау камералары іске қосылды. 20 күн бойы арнайы бақылаудан өткен құрылғылар, мегаполистің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет, дейді қаланың бас полицейі. Бұл камералардың бұрынғы бейнебақылау жүйесінен артықшылығы қандай? Қауіпсіздік белдігі мен қазіргі уақытта трендке айналған блютуз құлаққаптарын камера нысанаға алуға қаншалықты қауқарлы. Сюжет көрейік.

Шымкенттің халқы мен қонақтары бұдай былай сергек жүруіне тура келіп тұр. Қала көшелеріне орнатылған 3177 дана сергек бейнебақылау камералары көлік жүргізушілерінен бастап, жаяу жүргіншіге дейін нысанаға алмақ. Осы орайда, 1500 құрылғы қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қойылса, 1677 камера жол ережесін бұзған автокөліктерді автоматты түрде тіркемек. Бұл ретте жылдамдықтың шектік режимінің бұзылуын, жол таңбасының талаптарын сақтамау, тоқтау сызығын қию, бағдаршамның жол жүруге тыйым салатын сигналына өтуі камера жадына жазылады. Сондай-ақ, қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілер мен  рөлде отырып ұялы телефоннан қолы босамайтындарға да құрық салынатын болды. Бүгіннен бастап бейнебақылау камераларының барлығы толықтай іске қосылғанын мәлімдеген Шымкент қалалық ПД бастығы Ералы Жұмаханбетов блютуз арқылы жұмыс істейтін құлаққаптардың жол қозғалысына кедергісі жоқ, деп түсіндірді.  

Ералы Жұмаханбетов – Шымкент қаласы ПД бастығы

Жол ережесін бұзған автокөлік иесі хабарламаны алғаннан кейін 7 тәулік ішінде салынған айыппұлының  50 пайызын төлеуге құқылы. Ал, аптадан асып кеткен жағдайда 100 пайызға ауыстырылады. Егер де құқық бұзушы айдан астам уақытта айыппұлын төлемесе, онда оның ісі сотқа өтіп, сот орындаушыларға жолданады екен. Бұл ретте көлік иесі көрсетілген жүру жылдамдығын бұзған жағдайда 5 АЕК бастап 30 АЕК дейін, яғни, 14 585 теңгеден 87 510 теңгеге дейін айыппұл төлейді.   

 

Ералы Жұмаханбетов – Шымкент қаласы ПД бастығы

Қаладағы бейнебақылау камералары ПД ЖБО қосылған. Онда, тәулік бойы орталық қызметкерлері  қылмыстың алдын алуда, ашуда және әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау бойынша жұмыс атқаратын болады. Бүгінде еліміздегі үшінші мегаполисте екі жарым мыңға жуық полицей жетіспейді екен. Ал, қаланың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ету үшін әлі 8 мыңнан астам камера қажет көрінеді. Жаңадан орнатылған бақылау камералы толықтай қала қазынасындағы қаржыға алыныпты. Өз кезегінде өндірілген айыппұл да қала бюджетіне қарай бағытталады, деп қаланың бас полицейі брифинг барысындағы сөзін түйді.

 

Автор: Г.Асқарқызы                              

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...