ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

ШЫМКЕНТТІК БУХГАЛТЕР ӘУЕС ІСІН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРДЫ

13:40, 27 мамыр 2020

Шымкент қаласында тұратын Сырлан Тәшімбетов есімді азамат үйін орнитологиялық баққа айналдырған. Ол шаңырағында экзотикалық және әнші-әсем құстардың көптеген түрін өсіріп келеді. Мамандығы бухгалтер азамат бала кезіндегі тотыққұс бақсам деген әуестігін бүгін табысты кәсіпке айналдырып отыр.

Мектепке баратын жылы әкесіне еріп, базарға барған Сырлан тордағы тотықұсты көріп қатты қызығады. Ес білгелі тек мультфилмдерден көріп келген құстың түрі мен түсі оны бірден арбап алады. Бұл іске әуестік, қызығушылық  осылай басталды.  Бүгінде  Сырлан бағында  тотықұстың бірнеше түрі, онан бөлек зебра түстес амадина, ақсары, шұбар,  сары  шымшық,  қылаң құс тұқымы бар.  
СЫРЛАН ТӘШІМБЕТОВ ҚҰС ӨСІРУШІ
Бір жерден қиналып келген кезде шаршауың басылады. Сайрап, секіріп ұшып жүреді бала сияқты. Сол кезде адам ләззат алады. Есікке дейін қыс болып жатса ішкі жағы жаз сиқяты мен үшін. Орманда жүргендей сезінемін.
Зебра түстес амадина мен ақсары шымшықтар ерекше күтімді қажет етеді. Олардың торы үйдің ішінде. Күніне екі рет суы тазартылады. Жеммен қоса минералды қорегі беріледі. Бір мезгіл  тордан босатып, еркіндікке жібереді.
Сырланның  мектепке бара қоймаған екі ұлы қазірдің өзінде құстарды суретіне қарап бір-бірінен айра біледі. Олардың күтіміне де қолғабасы жасайды. Сырланның айтуынша құстар балаға мейірім қасиетін сіңіреді.
БАҚДӘУЛЕТ ТӘШІМБЕТОВ  СЫРЛАННЫҢ ҰЛЫ
Попугай, канарейкаларға папаммен бірге тамақ берем. Сонан соң амандасам, сөйлесем.
Ал тотықұс пен шымшықтар жыл он екі ай  ауладағы қорада тіршілік етеді.   Сырлан қора ішінде құстарға мейілінше табиғаттағыдай жағдай жасауға тырысқан.  
СЫРЛАН ТӘШІМБЕТОВ ҚҰС ӨСІРУШІ
Қазақша келіншек тал дейміз, соның бұтақтарын алып, өріп жасағам. Бұл құстарға табиғаттағыдай  шынайы жанасады. Жақсы қабылдайды. Өзгеліріне қарағанда жақсы ұялайды.
АЙДАНА ЖАҚЫПБЕКҚЫЗЫ, СЫРЛАННЫҢ ЖҰБАЙЫ
Құстар үйімізге  жылылық шашады. Жыл он екі ай көктем боп тұрады. Келген жұрттың бәрі қызығып, ерекше сезімде кетеді.
Көктемде құс сатып алушылар көбейеді.  Бұйра тотыны 1 жарым мың, корелланы 5-6 мың, амадинаны 1 мың теңгеден сатып жүр. Құстар неғұрлым  ұзағырақ сайраса, соғұрлым бағасы қымбаттай  түседі.  Балапанын сатып алушылар да жетерлік. Мамандығы бухгалтер жігіт әуес тірлігін кәсіпке айналдыру мақсатында былтыр «Бастау бизнес» мектебінде оқып,  экзотикалық құстарды өсіру жобасы үшін 505 мың теңге грант жеңіп алды. Енді әрі қарай кәсібінің ауқымын кеңейтуді көздеп отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...