ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРГЕ АТТАНДЫ

16:55, 9 маусым 2021

Бүгін Шымкенттік мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге аттанды. Шаһардың 800-ге жуық шәкірті қала сыртындағы сауықтыру орындарына 10 күн бойы демалатын болады. Балалардың қуанышты сәтімен әріптесім Мақпал Рысбаева бөлісіп қайтты.

Жүздері бал-бұл жайнап балалар жазғы лагерьлерге аттанып барады. Көптен күткен каникулдың 10 күнінде оқушылар қала сыртындағы сауықтыру орындарында болады. Жас достардың қуанышында шек жоқ. Әсіресе, лагерьге алғаш рет барғалы отырған балалар мәз-мейрам.

Айым Жақсыбай, оқушы: 00/01-15 «Бұл күнді көптен күткен едім, онда уақытты қызықты өткіземін деген ойдамын... »

Биыл эпид ақуал қарасып, жазғы лагерьлер жұмысының басталғанына ата-аналар да дән риза. «Аптап ыстықта балаларымыз  каникул күндерін табиғаты тамылжыған саялы демалыс орындарында өткізетінін болды» деп қуанды.

Марина Мавленова, ата-ана 00/49-1/17 «Менің үш балам бар, жылда үшеуі де барады. Балаларым асыға күтеді...»

Бұл үкімет есебінен тегін демалыспен қамтылып отырған оқушылардың алғашқы легі. Бүгін «Ақсу» сауықтыру орталығына – 150, «Арман» демалыс орнына – 200, «Ерке» орталығына – 188, «Үшбұлақ» демалыс орнына - 200 оқушы аттанды. Айта кетейік, жазғы демалыспен қамтылуы тиіс ата-аналардан өтініштер биыл E.gov  порталы арқылы онлайн түрде қабылданды.

Жанат Тәжиева, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы

 «Барлық сақтық шараларын сақтай отырып, балаларды кезек-кезекпен лагерлерге жібереміз...»

Айта кетейік, биылдыққа ұзын саны 8 мыңға жуық оқушы қала сыртындағы лагерлерде демалатын болады. Одан бөлек 22  мыңнан аса оқушының жазғы демалысы ата-аналар есебінен ұйымдастырылады.

 

Мақпал Рысбаева                                           

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар