ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТ Н.ИМАНҒАЛИҰЛЫНЫҢ СТИПЕНДИЯСЫН ҰТЫП АЛДЫ

14:29, 8 қазан 2021

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы журналист, тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендия иегерлерін марапаттады. Байқау еліміздегі жоғары оқу орындарының журналистика факультетінің студенттері арасында екі ай көлемінде жүргізілді. Корпорацияның оқу гранты Н.Иманғалиұлының телевизиядағы тұлғасы жайлы үздік бейнематериал ұсынған үш студентке табысталды.Жүзден жүйрік шыққандардың бірі Шымкенттік студент Қанат Жолдасбеков.

Байқаудың мақсаты – Қазақ телевизиясы қалыптаса бастаған уақыттан телеэфирдегі бейнесімен тұтас буынға үлгі болған Нұртілеу Иманғалиұлының есімі мен шығармашылығын насихаттау, ізбасарларына  қолдау көрсету болатын.  Келіп түскен жұмыстар арасында Нұртілеу Иманғалиұлының шығармашылығын, тележүргізуші,  тұлға ретіндегі ерекшеліктерін өзгеше қырынан ашып көрсеткен студенттер болды.  Бас бәйгеге стипендия тігілген байқауға 30 ға жуық үміткер қатысқан. Солардың ішінен жерлесіміз саңлақтар қатарынан табылды.

Қанат Жолдасбеков – М.Әуезов атындағы ОҚУ студенті

Сюжет жасадық. Ұзақтығы 7.5 мин құрады. Өзім жастайымнан жазуға құмар болғандықтан жазу қиын болмады. Қазақ журналистиканың метріне арнау жазғасын үлкен ізденіс болды.

Мегаполисте журналисттер дайындайтын жалғыз оқу орыны М.Әуезов атындағы ОҚУ. Қара шаңырақта журналистика мамандығы  2019-шыжылы ашылған. Бүгінгі таңда  100 ге жуық жас тілшілер  тәлім алып шеберлігін шыңдауда.

Ләззат Тұрабаева - М.Әуезов атындағы ОҚУ кафедра меңгерушісі

Журналистика мамандығы бойынша тәлім алып жатқан студенттеріміз жоғары биіктерден көрініп жүр. Байқауларға қатысып өздерінің талантын танытып жүр.

Студенттер дайындаған дүниені Телерадиокорпорация қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссияның саралаған. Нәтижесінде  Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 3 курс студенті Аңсаған Ғалаладин, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2 курс студенті Қанат Жолдасбеков, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 4 курс студенті Күмісжан Исан Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу грантының иегері атанды. Енді жеңімпаздарға 50 мың теңге көлеміндегі айсайынғы стипендия биылғы оқу жылына төленеді.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 300-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАН ЗАҢ ТАЛАБЫН БҰЗҒАН
17:50, 12 тамыз 2022
ШЫМКЕНТТЕ 300-ГЕ ЖУЫҚ НЫСАН ЗАҢ ТАЛАБЫН БҰЗҒАН
Толығырақ...
ПАРАСАТТЫЛЫҚ ПАРАҚОРЛЫҚТАН САҚТАНДЫРАДЫ
17:47, 12 тамыз 2022
ПАРАСАТТЫЛЫҚ ПАРАҚОРЛЫҚТАН САҚТАНДЫРАДЫ
Толығырақ...
ЕРІКТІЛЕР ЕРКІН ФОРМАТТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
17:43, 12 тамыз 2022
ЕРІКТІЛЕР ЕРКІН ФОРМАТТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР
17:32, 8 тамыз 2022
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕП ЖҮР
Толығырақ...
2023 ЖЫЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
18:07, 9 тамыз 2022
2023 ЖЫЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...
САРЫАҒАШТЫҚ  ДИХАНДАР БІР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУДА
13:42, 9 тамыз 2022
САРЫАҒАШТЫҚ ДИХАНДАР БІР ЖЕРДЕН ЕКІ ӨНІМ АЛУДА
Толығырақ...