ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ЖАЗДА ҚАЙДА ДЕМАЛА АЛАДЫ?

13:57, 9 маусым 2021

Қазақстанда жазғы туристік маусым басталды. Былтыр пандемия салдарынан көп елдің шекарасы жабылған еді. Саяхат тоқтап, шектеу күшейген. Қазір жағдай қалай? Шымкенттіктер қай елдерде демала алады? Індетке байланысты қандай шектеулер бар?

Пандемия қызмет көрсету нарығына қатты әсер етті. Мәселен, жекелеген өңірлердің туризм саласы өте ауыр жағдайға тап болды. 2020 жылы 16 наурызда елімізде Төтенше жағдай жарияланып, бүкіл әлем бойынша шекара жабылды, халықаралық әуе тасымалы тоқтаған болатын. Ал биылғы жылы Қазақстанда жазғы туристік маусым мамырда басталды. Дәл қазір санаулы 10 бағыт қана ашық. Олар: Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Черногория, Грузия және Түркия. Бірақ Түркияға әзірге тікелей рейс жоқ. 17 маусымнан бұл бағыт ашылады деп күтіп отырмыз дейді,- Нұрила Әбшүкір.

Нұрила Әбшүкір – «Eagles Travel» туристік фирмасының басшысы

Қазақстандықтар Түркия еліне саяхаттағанды ұнатады. Қай жағынан алсақ та осы елде демалу біздің халық үшін қолайлы. Менталитеті жақын, қызмет сапасы жоғары, үлкен отбасы үшін өте ыңғайлы ел. Одан кейін Египет пен Араб Әмірліктерін айтар едім. Кейінгі кезде Грузияға қызығушылық өсіп келеді. Бұған тікелей рейстің ашылуы әсер етті дейді,- туризм менеджері.

Саида Гафурова - туризм менеджері

Айта кетейік, пандемияға байланысы ең бірінші талап – коронавирус жоғын дәлелдейтін ПТР-тесттің болуы. Мұндай талап барлық елде бар. Тест ұшардан алдын кемінде 72 сағат бұрын жасалған болуы керек. Ал, турист Covid-ке қарсы екпенің екі дозасын алған, қолында вакцина жасатқанын растайтын куәлігі болса, оған тест тапсыру қажет емес дейді,- мамандар.

 

НазкенСкандар

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...