ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТІКТЕР ЖӘНДІКТЕРДЕН ЗАРДАП ШЕГІП ОТЫР

17:05, 10 маусым 2021

Шымкенттіктер жәндіктерден көп зардап шегіп отыр. Қалада қарақұрт шағып ауруханаға түсетіндердің саны артқан. Кенеге таланып түскендерде көп. Тіпті бірнеше науқас жансақтау бөлімінен бірақ шыққан. Ақ халаттылар осылай деп дабыл қағып отыр.

Ихвалбек Ихсановты қарақұрт шырт ұйқыда жатқанда шағып алған. Шымкентке жұмыс істеуге келген Өзбекстан азаматы далада ұйықтаудың соңы осылай аяқталарын білмедім дейді. Енді міне аурухана төсегіне таңылып,  ем-дом шараларын қабылдап жатыр.

Ихвалбек Ихсанов - науқас

Ыстық түскенде далада ұйықтағанға үйренгенмін. Өткенде солай ұйықтап жатсам, қарақұрт тіземді шағып алды. Қатты ауырды. Тіпті денем ештеңе сезбей қалды. Содан кейін жедел жәрдем шақыруға тура келді".

Ал, қалалық токсикология мамандары болса, соңғы кездері қарақұрт шағып, ауруханаға түскендер қарасы көбейіп бара жатқанын айтады. Тіпті соңғы 9 күнде ауруханаға дәл осындай диагнозбен 9 адам түскен. Оның үшеуі алғашқы көмектен соң үйіне жіберілсе, кейбірі әлі де жансақтау бөлімінде жатыр екен.

Марат Какенов - Токсикология орталығының дәрігері

«Даже білмей қалады не шаққанын. Ауырсыну синдромы басталады. Денені қақсатады. Белі, өкпесі, аяқтары бәрі қақсап содан кейін даже білмей қалады қарақұрт шаққанын».

Сондай-ақ,  шаяндардың шағу жағдайы да көбейген. Қазірдің өізнде  шаян шағып дәрігерлердің көмегіне кем дегенде күніне бір адам жүгінеді екен. Жығылғанға жұдырық болғандай жыландардың  да саны артыпты.  Бұны төтеншеліктерде жоққа шығармайды.

Орынбасар Төртбаев –Шымкент қалалық ТЖД жедел құтқару жасағының бастығы

«6 ай ішінде жедел-құтқару бөлімі жылан аулауға 24 рет шықты. 9 жыланды қолға түсірдік. Өткен тәуліктің өзінде 112-ге екі қоңырау түсті.. Біріншісі 1 метр болса, екіншісі 70см жылан ұстады».

Күннің күрт қызуы улы жәндіктердің бәрін қоздырып отыр. Әсіресе кене шағу көрсеткіші өсіп отыр. Соңғы екі айда  161 адамды кене шаққан. Өткен жылы 12 айда 260 осындай жағдай тіркелген. Зардап шеккендердің арасында қырым қанды безгегіне ұшыраған науқаста бар.

Жұмабек Ержанов – Шымкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Өткен аптаның басында бір ауру тіркелді Еңбекші ауданының адамы Ақтас ауылына барып кене шаққан.

Құтқарушылардың сөзінше, жаз мезгілінде жыландардың арасында будандасу процесі жүреді. Сол уақытта бауырмен жорғалаушылар аса қауіпті саналатын көрінеді. Сондықтан тұрғындарға барынша сақ болуға шақырады.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар