ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТТІҢ ШЫРАЙЫН КЕЛТІРГЕН ШАРУАЛАР

13:32, 5 қаңтар 2022

Шымкент қаласында өткен жылы коронавирустық шектеулерге қарамастан экономикалық даму қарқыны жоғары болды. Статистикаға сүйенсек, барлық салада өсім байқалды. Экономиканың негізгі секторларына жеке тоқталар болсақ биыл өнеркәсіп өнім көлемінің индексі 7 пайызға, инвестиция көлемі – 55, құрылыс жұмыстары – 10, пайдалануға берілген тұрғын үйлер алаңы – 65-70 пайызға артқан.

Қолда бар мәліметке сүйенсек, Шымкенттің өнеркәсіп саласында осы жылы 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, жаңадан 10 кәсіпорын аіске қосылған. «Мемлекет басшысы Жолдауда 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтуді тапсырды. Осыған орай, қалада жаңадан 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды. Біріншісі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазір инженерлік инфрақұрылым жүйелері салынуда. Мұнда құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі шоғырланады. Екіншісі – «Стандарт» жеке индустриалды аймағы. Шағын және орта бизнес субъектілерін шоғырландырады. Заманауи қоймалар, шағын өндірістік цехтар ашылады.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі 

Өндірістің өркендеуі өзіндік табысты арттырса қаржы көбейген сайын әлеуметтік мәселелерді шешуге де көп көңіл бөлнеді. Мәселен осы жылы Шымкенттің солтүстік бөлігінде орналасқан 10 елдімекен халқы енді электр энергиясының тапшылығынан құтылды. Себебі, биыл қуаттылығы 160 мегаВатты құрайтын Бозарық қосалқы станцасы іске қосылды. Нәтижесінде 250 мың тұрғын жарық жетіспеушілігінен құтылады.

Негізінде Бозарық қосалқы электрстанцасын салу ісі 2015 жылы басталған болатын. 2018 жылы аяқталуы тиіс еді.бірақ;басындағы мердігіер жұмысты соңына дейін жеткізбей келісімшарт бұзылды.Сөйтіп, 2018 жылы екінші компания жұмысты жалғастырды. Биыл қала әкімінің қадағалуы арқасында іске қосылды. Электр қуатын тарату тобының мүмкіндігі мол.Өйткені, мұнда солтүстіктен жеткізілнен жоғары кернеулі электр қуаты реттеліп,сосын өзге станцияларға таратылады.

Мұрат Әйтенов  - Шымкент қаласының әкімі

Қалда жүргізілген жүйелі жұмыстардың арқасында биыл Шымкентте талай жылдан бері шешілмей келе жатқан түйіткілді тірліктің түйіні тарқады. Жоғарыда айтқанымыздай жарықтың мәселесімен қатар жолдардың да сапасы жақсарды. Мәселен, нақ осы жылы Абай ауданындағы талайдан бері жыр болған жолдың мәселесі шешілді. Көлік түгілі жаяу жүргіншінің өзі әупірімдеп жүріп зорға өтетін көшелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Статистикаға сүйенсек, биыл аталғагн ауданда  52 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Тақырып бойынша материалдар

УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
17:57, 24 мамыр 2022
УКРАИНА ЛИДЕРІ ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ ҚАЛАЙДЫ
Толығырақ...
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
17:54, 24 мамыр 2022
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...