ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ

13:11, 4 мамыр 2021

Шымкент қаласында қазіргі таңда 21 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай әр қарт майдангерге жыл сайынғы бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек – 360 АЕК яғни, 1 050 120 теңгеден берілді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қаражат барлық соғыс ардагерлерінің есеп-шоттарына толығымен аударылған

Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың шешімімен 3307 тыл ардагеріне  12 АЕК, яғни 35 мың теңгеден астам бір реттік ақшалай төлем жүргізілуде. Тыл ардагерлеріне барлығы 115 млн 758 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген.7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға, атап айтқанда, Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль  атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар, Семей полигоны ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған, радиациялық апаттар мен авариялардан зардап шеккен азаматтарға  36 АЕК көлемінде ақшалай көмек аударылады.Жалпы, бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 82 124 болса, оның ішінде 21 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. 3307 тыл еңбеккері және  1728 ҰОС қатысушыларға теңестірілген азаматтар тұрады.

 

Г. Қалмырзақызы                                         

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...