ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МИЛЛИОНАН БЕРІЛДІ

17:20, 4 мамыр 2021

Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан 21 ардагер бар. Мерейлі мерекеге орай оларға 1млн.50 мың теңге көлемінде бір реттік сыйақы тағайындалды. Дегенмен, ардагерлер егемен елде туған халқының еркін өмір сүріп жатқанына шүкіршілік етеді

Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуімбет Қожаназаров 1925 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Соғыс уақытында Украина жеріне  аттанып, КСРО-ны азат етуге ат салысқан. Қазіргі таңда Шымкент қаласында тұрады. 7 ұл-қыз тәрбиелеп, 16 немере, 6  шөбере көріп отыр. 

Тілеуімбет Қожаназаров -  Соғыс  ардагері

Соғыс аяқталғаннан кейін өз еркімен Қызыл әскер қатарында қалып, 1951 жылға дейін геолог болып жұмыс істеді. 2 жыл бойы 1952 жылдан Қазалы қаласының аудандық милиция бөлімінде қызмет атқарды. Содан кейінгі 7 жылын Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы саласына механик болды. 1964 жылы Шымкент қаласына көшіп келіп, ет комбинатына механик болып, 30 жыл жұмыс істеді.

Ұлдана Бекбау – Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы

Жасы 100-ге таяған ақсақалдың денсаулығы әлі де тың. №6 қалалық емханасында тіркеуде тұр. Медициналық мекеме қызметкерлері  мереке қарсаңында ардагердің үйіне келіп, сый-сияпат жасады.  Айтуынша, әр тоқсан сайын қарияны тексеруден өткізіп, саулығын жіті қадағалауға алады екен.

 

Д.Өмірзақова                                              

Тақырып бойынша материалдар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:26, 6 мамыр 2021
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ
19:59, 6 мамыр 2021
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН САУДА НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ УАҚЫТША...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
17:21, 4 мамыр 2021
ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...