ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

СОҒЫС МАЙДАНГЕРІ СҰРАПЫЛ ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕСТЕЛІГІМЕН БӨЛІСТІ

17:27, 6 мамыр 2021

Жеңіс туын жақындатқандарға тек мереке қарсаңында емес, бейбіт өткен әр күні құрмет көрсетілуі тиіс. Бүгінде Шымкентте 21 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Туған халқы үшін көкірегін оққа тосқан баһардүрлер дегенмен, егемен еліміздің әр жетістігіне шүкіршілікпен қарап, шексіз бақыт деп санайды.

Мұраталы Төлепбергенұлының жасы жүзге таяды. Сұм соғыс басталғанда бір құрсақтан тараған 5 бауыр жауға аттанып, елге тек үшеуі аман оралды.  Соғыстан кейінгі жылдары 30 жыл бойы ауылшаруашылығы саласында жұмыс істеді.  Бұл еңбегі де ескерусіз қалмады. Облысқа сіңген еңбегі үшін марапатталып, Түлкібас ауданының құрметті азаматы атанды.

Мұраталы Төлепбергенұлы –соғыс ардагері

Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк, Перлеберг қалаларында соғысқан Мұраталы Төлепбергенұлы Германияның Биттенберг қаласында жауынгерлік жолын жеңіспен аяқтайды. Сөйтіп, 1950 жылы елге оралады. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін Ұлы Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» және бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.

Мұраталы Төлепбергенұлы –соғыс ардагері

Қарияға «Нұрсәт» шағынауданынан пәтер берген. Сұрапыл соғыс жылдарында қан кешіп, мұз жастанған қария бүгінде немере-шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...