ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ

16:31, 23 шілде 2021

Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарының жұмыспен қамту орталықтарының өкілдері Шымкентте. Оңтүстік тұрғындарын солтүстікке қоныстандыру мақсатында келген өкілдер мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен талаптарын түсіндірді. Айтуларынша, қазіргі таңда бұл өңірлерде білікті дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді. Мал бағып, салуға да мүмкіндік бар екен. Қоныс аудару кімдерге тиімді? Оларға тағы қандай көмектер бар?

Көп балалы ана Үрбігүл Салманова отбасымен Солтүстікке қоныс аударғысы келеді. Өзіне қол келетін жұмыс таппай жүрген келіншек көшіп барып, кәсіп қылсам деген ниетте. Бүгін делегациямен кездесіп, бос жұмыс орындарымен танысты. Мемлекеттік бағдарламаның шарттарына қанықты.

Үрбігүл Салманова көп балалы ана:  00/22-36+1/1-15 «Малшаруашылығымен егіндікпен айналысқым келеді... »

Еліміздің Шығысы мен Солтүстігіне экономикалық белсенді халық жетіспейді. Аймақтардың өсіп-өркендеуіне үлес қосатын жұмысшылар қажет. Істің көзін тауып, кез-келген кәсіптен нәсібін айыра  алатын еңбекқор оңтүстік тұрғындары үшін бұл өңірлерде мүмкіндік молынан. Мемлекеттік мекемелер мен жекеменшікте бос жұмыс орындары көп. Кәсіп бастаймын десе, жер телімдері де жеткілікті дейді делегация өкілдері.

Хайрулла Бауыржан Солтүстік Қазақстан Есіл ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры: 8481 1/1-37

Шағдат Әсет Шымкент қаласы жұмыспен қамту ортылығы директорының орынбасары: 8498 00/22-36+1/11-15 Биыл оңтүстіктен қоныс аударған әр отбасы мүшесіне берілетін субсидия мөлшері - 70 АЕК. Яғни, 204 мың теңге қаражат көшіп жайғасу үшін көмек ретінде беріледі. Оған қоса, бір жыл бойы үй жалдауға ақшалай көмек ретінде 1 адамға 43 755 теңге(15 АЕК) төленеді.

Мамандар «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде қайтарымсыз грант алуға бағыттап, түрлі салада өз кәсібін ашуға да көмектесеміз деп отыр. Әсіресе, Шығыс өңірі туристік бағытта кәсіп ашуға зор сұранып-ақ тұр екен.  Айта кетейік, былтыр Шымкентен 67 отбасы көшуге ниет білдіріпті.  Қоныс аударғандары қазір ауылшарушылығын түлетіп,   түрлі салаларда жұмыс істеп жүр екен.

 

М.Рысбаева                                                     

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...