ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

СОТ САЛАСЫНДА ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ОҢТАЙЛАНЫП КЕЛЕДІ

17:23, 16 шілде 2021

Сот саласында цифрландыру жүйесі оңтайланып келеді. Қаламыздағы жергілікті соттарда өтіп жатқан барлық сот отырыстары аудиобейнежазбаға жазылып, серверлерге сақталады. Бұл өз кезегінде ашықтықты да қамтамасыз етіп отыр.

Оның айтуынша, осындай аудиобейнежазбамен 52 сот залы жабдықталған. Жыл соңына дейін қосымша 13 сот залымен толықтырылып, 65-ке жетеді. Цифрландырудың артықшылығына сотқа келушілердің карантин кезінде көздері жетті. Пандемияға дейін қала соттарында күніне 10 шақты ғана іс қашықтан жүргізілген. Былтыр елімізде төтенше жағдай режимі, одан әрі карантиндік тәртібі енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 100 пайызға жуықтады. Қала соттары күнделікті 240-қа жуық сот процесін «WhatsApp», «TrueConf», «Zoom», «Skype» және т.б. мобильді қосымшаларының көмегімен өткізіп отырған.

Әкежан Елшібаев - Шымкент қаласы бойынша соттар әкімшісінің кеңсе меңгерушісі

Сотқа түсетін құжаттардың да электронды түрдегі үлесі артты. Сот жүйесі цифрландыру бойынша көш басында. Бұл – ашықтыққа бастар жол. Жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында БАҚ өкілдерін қызықтырған сот процесін қашықтан бақылауы үшін карантин талаптарын сақтай отырып, сот ғимаратының ішіне кіріп, экраннан көріп отыруына жағдай жасалған.       

 

НазкенСкандар   

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
16:53, 28 шілде 2021
БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ – 76,5
Толығырақ...
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
16:50, 28 шілде 2021
4 АУДАНДА МОБИЛЬДІК ТОП ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
16:31, 23 шілде 2021
СОЛТҮСТІК, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНА ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...
14:17, 26 шілде 2021
ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...