ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

СПОРТ ЖАНАШЫРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

14:06, 9 маусым 2021

Шардара ауданындағы футболдың дамуына сүбелі үлес қосқан Ермек Аманқұловтың дүниеден өзғанына бір жыл.Өмірінің соңғы сәттеріне дейін Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін басқарған, дамытқан азаматты еске алуға дос-жора шәкірттері бас біріктірді. Спорт жанашырын еске алу күні спорттық турнирге ұласты.

Ермек Тілеуқұлұлының ізбасар шәкірттері мен дос-жарандары спорт саңлағын мәңгі есте қалдыру үшін игілікті іс-шара жасады. Олар  аудандық орталық стадион жанынан Ермек Аманқұлов атындағы спорт аллеясын ашты. Алаңда Ермек Аманқұловтың қоладан құйған ескерткіші бой тіктеді

Абай Сақиев  - Шардара  аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры

 Соның ішінде футбол жағына әрекет жасап осы спорттың Бүгінгі ашылған алеяның астына Шардара ауданының футболының атасы деп тегін жазылмады.

Ермек Аманқұлов 2001 жылы аудандық №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне футбол спортынан жаттықтырушы болып жұмысқа қабылданған. 2006-2009 жылдары аталмыш спорт мектебінде нұсқаушы, 2009-2015 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2015 жылдан бастап Шардара ауданында жаңадан ашылған футболдан Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болды. Ермек Тілеуқұлұлы ауданда тұңғыш мәрте құрылған футбол мектебінің аяққа тұрып, қанатын кеңге жаюына сүбелі үлесін қосты. 

Ерғали Халықов  - Ермек Аманқұловтың шәкірті

Шардара қаласына деген осы спорт саласына деген үлесі өте зор. Қаншама осы 90-шы жылдары қиын кезеңде спорттың дамуына атсалысып жүрді. Облыстық жарыстарға өзі демеп алып баратын.

Спорт аллеясы мен ескерткіштің ашылу салтанатына Сарыағаш, Қазығұрт аудандарынан Ермек Аманқұловтың үзеңгілес достары мен өзінің туған-туыстары жиналды. Мінберге шыққандар тебіреніске толы естеліктерін айтып, игі тірлік жасап отырған ізбасарларына алғыс сезімдерін білдірді.  Мұнан соң ардагер футболшылар арасында Ермек Аманқұловты еске алуға арналған турнир өтті. Облыстағы барлық аудандардан келіп бақ сынаған футболшылар арасынан Ермек Аманқұловтың достарынан құралған команда бас жүлдені жеңіп алды.      

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...