ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

«STOP: ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

14:18, 16 қараша 2020

Шымкент қаласы Полиция департаменті басшылығының бастамасымен «STOP:Есірткіге жол жоқ!» акциясы өтті. Аталған шара жастарға есірткінің зияндылығын түсіндіре отырып, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Жиын барысында тәртіп сақшылары есіртікіге қатысты бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды.

Іс-шараға  есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қалалық Жастар ресурстық орталығының өкілдері және волонтёрлық ұйым жетекшілері қатысты. Олар есірткіге қатысты  өзара пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.  Соның ішінде, қала аумағындағы ғимараттар мен үй-жайларға салынған графикалық үлгідегі есірткі заттарын жарнамалау мен насихаттау деректері және олардың мекенжайларын жолдау ұсынылды.  Аталған бастамаға қатысушылар бірауыздан қолдау көрсетті. Акция аясында аптасына бір рет графикалық үлгідегі есірткі жарнамаларын өшіру жоспарланды. Бүгінде шара барысында қала аумағындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына  салынған 281 графикалық үлгідегі суреттер анықталып, жойылды. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Айдана Қуанышқызы                                                     

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...