
Шымкент қаласында жоғары және арнаулы орта оқу орындары арасында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып спорттың бірнеше түрінен спартакиада басталу алды.
Жастар арасындағы спартакиаданың басын спорттың падишасы жеңіл атлетика бастады. Бір мезетте кіші футбол, волейбол,баскетбол,шахмат және ұлттық спорт түрлерінен іріктеу сайыстары басталып, ақтық сынға беретін жолдаманы сарапқа салды.Жарыстың ашылу рәсімінде дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі факултетінің меңгерушісі Нұрлан Ерекбаев студент жастар арсындағы спартакиаданың басты мақсаты жеңі емес деп атап өтты.Сонымен қатар бұл жарыс Күш атасы Қажымұхан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналады. Жеңіл атлетика 200 метрлік эстафетаға жүгіруде желаяқтар анықтады. Барлық спорт түрлерінде Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің студенттері мен Мардан Сапарбаев атындағы институтының, Шымкент Педагогикалық инстутының командалары топ бастап келеді.
Ал Буревестник спорт кешенінді Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына 30 ұлттық спорт түрлерінен жеңімпаздар анықталды. Дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Арыстанбек Мәжітбеков бас болып ұйымдастырған спорттық бәсекелер қазақ күресі, асық ату,арқан тартыс, Гір көтеру,ләңгі тебу тоғызқұмалақ сынды төл ойындарымыздан өтті. Студенттер арасында екі жыл бойына өткізілмей кеткен шаралар қайта қолға алына бастағаны қуантады. Жарыстың басты мақсаты жастар арасында достықты қалыптастырып болашақ ұрпақтың дені сау болып өсуін қалыптастыру.Спорт түрлері бойынша жеңімпаздар Тәуелсіздік мерекесі қарсыңында анықталады.