ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

СУҒА БАТУ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ!

14:33, 11 маусым 2021

Сақтықта қорлық жоқ! Түркістан каласының төтенше жағдайлар бөлімі және полиция кызметкерлері бірлесіп, суда шомылу маусымына орай рейдтік іс-шара өткізді. Шаһардағы Президенттік саябақта орналаскан су айдынында жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында мамандар аталған су айдынындағы жағалауға "Суға түсуге тыйым салынады" деген 4  тақтайша орнатылды. Түркістан каласы аумағында суға шомылуға болмайтын 3 су айдыны бар. Олар: Арыс-Түркістан каналы,  "Караван сарай" аумағы және "Президент саябағы".

Аталған су көздері жағалауларына жалпы саны 10 дана ескерту тақтайшалары қойылған. Және кала ішіндегі автокөлік жолдарында колемі 6х3 метр жарнама тактайшаларына суға түсуге тыйым салу туралы плакаттар ілінген.

Бақытжан Мұздақбаев - Түркістан қаласының ТЖБ бас маманы

Жүйелі жұмыстың арқасында шомылу маусымы басталғалы аймақта бірде-бір суға бату оқиғасы тіркелмеген. Сақтансаң, сақтайды. Мамандардың айтуынша, әрбір ата-ана қоршаған орта элементтерінің пайдалы тұстарымен қатар, зиянды, қатер төндіретін қасиеттерін де ұғындырулары тиіс. Сақтық шараларын күшейту жұмыстары барсында төтеншеліктер жадынама парақшаларын таратты.

 

Г. Қалмырзақызы                            

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар