ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

«СҮЙІНШІ» СЫЙЛЫҚТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

14:48, 21 желтоқсан 2021

Шымкентте мереке күндері 238 сәби дүниеге келді. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай олардың аналарына «Сүйінші» атты естелік бэби-бокстар табыс етілді.

Осындай Сүйінші» атты естелік бэби-бокс табыс етілген жас ананың бірі Ақбота Бекжанова. Ол өзінің төртінші құрсағын дүниеге әкеліпті. Осындай еліміз үшін маңызда мекереде ұлымды дүниеге әкелгеніме қуаныштымын, дейді жас ана. 

Ақбота Бекжанова – қала тұрғыны

«Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған. «Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!», – деп жазылған Президенттің құттықтауында.

Данабек Исабеков - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиал директоры

Жалпы мереке күндері Шымкент қаласында 238 сәби шыр етіп дүние есігін ашқан. Ал,  дәл 16 желтоқсан күні үшінші мегаполисте 92 сәби дүниеге келген. Оның 44 ұл болса 48 қыз бала. Соның бірі  Қанымай Батырбекова. 14 жылдан соң екінші ұлын дәл осы мереке қарсаңында босаныпты.

Қанымай Батырбекова – Қала тұрғыны

Айта кету керек, «Сүйінші» сыйқораптары ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған үкіметпен бірге және ҚР Ұлттық банк, Центркредит банкі және «Қазпошта» АҚ қатысуымен ұйымдастырылды.

Тақырып бойынша материалдар

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
17:35, 24 маусым 2022
КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
13:58, 20 маусым 2022
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРУ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
Толығырақ...
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕР ҚЫЗЫП ТҰР
13:49, 22 маусым 2022
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАЗҒЫ ЛАГЕР ҚЫЗЫП ТҰР
Толығырақ...