ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

СЫННАН ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҚТЫ

19:07, 13 желтоқсан 2019

Халықтың алғысынан артық ештеңе жоқ! Күні кеше жаңалықтарымызда біз Шымкенттің іргесіндегі 156 орамда тұратын ел-жұрттың өркениеттен тыс қалған өмірін көрсеткен едік. Соңғы бес жылдан бері жол, ауыз су мен электр жарығына жарымай отырған елдің тіпті, бес күн бойына жарықсыз отырғанын да айттық. Жергілікті биліктен әбден көңілі қалған тұрғындар амалсыз біздің телеарнаға үміт артып, мұңын шаққан еді. Енді міне, мәселе рет-ретімен шешіле бастады.

 «Қаланың іргесінде тұрып, өркениеттен адамыз»,- деген 156 орам тұрғындарының үніне билік телеарна түсірілімінен кейін құлақ асты. Абай ауданының әкімдік өкілдері әуелі бірнеше күннен бері жарықсыз отырған жұрттың электр жүйесін іске қосып беріпті.

Бақыт Базарбаев – Шымкент қаласы, 156-орам тұрғыны

Кеше біз Оңтүстік телеарнасына шағымданған болатынбыз. Осы шағымның арқасында басшылық артынша келіп, осы істерді іске асырып жатқан жайы бар. Мынау көріп тұрғандарыңыздай, көмір тасымалдау тегін. Оған да аллаға шүкір. Жарығымызды қосып берді. Ауыз суды тасымалдап беріп жатыр. Водовозбен барлық ауыл тұрғындарына құйып беріп кетті. Артасына бір мәрте тегін су тасымалымен қамтитын болды.

Әкімдік қызметкерлері әзірге аялдама болмаса да, автобус уақытша тоқтауға болады деген белгі де орнатыпты. Мамандар мен елдімекен тұрғындары бірлесіп, ауылға атау беруді де ақылдасып жатыр. «Жол мәселесі шешілетін күн де алыс емес», дейді, жергілікті билік.

Әміржан Шойымбетов – Абай аудандық халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы

Кеше Оңтүстік жарықтың мамандарымен сөйлестік. Трансформатор алып соны орнататын болдық...

Атқарушы билік қыс ауасында бүрсең қаққан халыққа қатты отын тасымалдауды да жолға қойды. Бұрын бұқара көмірді жеткізіп бергені үшін әр көлікке 15-20 мың теңгеден беріп келген. Баға да тұрақталды.  Ал, ауыз суды арнайы көлікпен тегін жеткізіп беруді қолға алды. Осылайша бес жылдан бері қараусыз қалған елдімекен проблемасын небәрі бір күнде шешіп берген біздің арна тілшілеріне халықтың алғысы шексіз.

Г. Қалмырзақызы                                


 

Тақырып бойынша материалдар

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
16:14, 4 тамыз 2020
50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...