ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТАҒЫ БІР АЛАҢША ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

14:04, 9 маусым 2021

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекенін абаттандыру жұмыстары қарқынды. Аудандағы көше бойлары абаттандырылып, жасыл желекке айналу үстінде. Одан бөлек балалар ойын алаңдарын салу да жоспарға сай жүргізілуде. Екіқабатты үйлердің алдынан ойын алаңшалары салынып, бүлдіршіндердің алаңсыз ойнап, бақытты балалық шақтарын өткізу үшін барлық жағдай жасалуда.

Шаян елді мекенінде аудан әкімінің тапсырысымен тағы бір алаңша іске қосылды. Ондағы сырғанақ пен әткеншек, құм толтырылған шатыр және ата-аналарға арналған орындықтар алыстан мең мұңдалайды. Балалар үшін өте қолайлы ойын алаңы бөбектердің көңілді жүзімен толысты. Бүлдіршіндер ойнап мәз-мейрам күйде жүр. Алаңшаның астына төселген резеңкелі жасанды төсеніш те балалврдың қауіпсіздігі үшін.

Нұрбол Тұрысбеков –   «Step Park kz»  компаниясының  директоры

- Балаларға арналған ойын жабдықтарының барлығы қазақстандық өнім. Яғни, елімізде жасалып, бүгінде қолданысқа ие болған бұл дүниелер балалар үшін өте қауіпсіз,-дейді балалар алаңшасын салып берген мердігер компания.

Өзекті мәселелердің барлығы ретке келтірілген. Ойын алаңшасының айналасы қоршалып, көлік өтетін арнайы жолдар төселген. Тіпті күл-қоқыс тастайтын орындар да қалыпқа келтірілді. Ең бастысы бүлдіршіндеріміз үшін қауіпсіз. Нысанның қақ ортасынан тұрғындар үшін ескертпе де ілінген.

Қалимаш Жақсылықова – Бәйдібек ауданының тұрғыны

- Қуаныштымыз. Аудан басшылары мен осындай керемет дүниені салып берген азаматтарға ризашылығымыз шексіз. Бұр үйіміздің алды жай тас көше болып, шаңы шығып жататын. Машиналар да зуылдап, ары-бері өтіп мазаны алатын. Балаларымызды уайымдайтынбыз. Көліктің астына түсіп кете ма, жарақаттам кете ма деген қауіп жоқ емес-ті. Бүгін соның мәселесі шешімін тауып отыр

Алаңша тек балалар үшін емес, ересектерге де тиімді тұсы бар. Ол - жаттығу жасайтын спорттық жабдықтар.  Айта кетейік, нысанның құрлысын «Нұреке Азия Бизнес» ЖШС іске асырып отыр. Бұндай ауқымды істер қатары  алдағы уақытта жалғасын табады, -деді сала мамандары.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...