ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ТАСҚЫН СУДАН КЕЛЕР ҚАУІП ЖОҚ

17:18, 8 сәуір 2021

Шымкентте су тасқыны жағдайы тұрақты. Бұл туралы Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Мадияр Жақсыбаев брифинг барысында мәлімдеді. Баспасөз мәжілісінде департамент бастығы қала аумағындағы су тасқынының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Шымкентте жыл басынан бері төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі қалалық комиссия екі отырыс өткізді. Аталған жиында берілген тапсырмаларға сәйкес аудан әкімдіктері жауапты қызметкерлермен бірлесіп тұрақты түрде су айдындарына мониторинг жүргізді. Сонымен қатар өзендер мен каналдардағы қауіпті учаскелерге комиссиялық тексерулер ұйымдастырылды. "Қазгидромет" филиалының мәліметі бойынша наурыз айында жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болса, сәуірде ауа райы ашық болады деп күтілуде. Сол себепті алаңдауға негіз жоқ, қаладағы су тасқыны жағдайы тұрақты, – деді Мадияр Есенгелдіұлы.  Брифинг барысында спикер қаладағы су қоймаларының толымдылығы 16–70 пайызды құрайтынын, ал тасқын суларды қабылдауға қордың жеткілікті  екенін жеткізді. Айта кетейік, үшінші мегаполистегі су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне ден қою мақсатында авариялық-құтқару бөлімшелерінің 600-ден аса қызметкері мен 100-ден аса техникасы әзірленген.

Мадияр Жақсыбаев - Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

 

Назкен Скандар                                                                                                                       

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 13 сәуір 2021
АУЫЛ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖАН
18:33, 13 сәуір 2021
В ГРОРОДСКОЙ БОЛЬНИЦЕ №2 ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДЕТ ВАКЦИНАЦИЯ ГОРОЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОНКҮНДІК  ШАРАЛАР  ЖЫЛДАРДЫҢ  ЖҮГІН  КӨТЕРУДЕ
14:57, 12 сәуір 2021
ОНКҮНДІК ШАРАЛАР ЖЫЛДАРДЫҢ ЖҮГІН КӨТЕРУДЕ
Толығырақ...
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
16:40, 9 сәуір 2021
БОПСАЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...