ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТАУАРДЫҢ КЕДЕНДІК ҚҰНЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ МАҢЫЗДЫ?

17:16, 11 маусым 2021

Тауарлардың кедендік құны – бұл Еуразиялық экономикалық Одағының аумағына импортталатын тауарлардың маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Ол анық, саны жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуі керек. Өйткені бұл мемлекет бюджетіне төленетін кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу үшін қажет.

Егерде кедендік құнды дұрыс емес декларациялау белгілері басқару жүйесімен айқындалған болса, кеден органы коммерциялық, есепке алу құжаттарын, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарын және өзге де құжаттарды, оның ішінде сенімділікті қамтамасыз ету үшін қажетті жазбаша түсініктемелерді талап етуге құқылы.Тауарларды шығарудың белгіленген мерзімінде кедендік, өзге де мәліметтерді тексеру аяқталмаса, кеден органы Кодекстің 195 бабы бойынша тауарларды кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу бойынша міндеттемелерін орындау арқылы тауарларды шығару мүмкіндігі туралы хабарлайды. Кепілдік берілген тауарлар шығарылғаннан кейін, тауарларға қатысты сұратылған құжаттар мен мәліметтерді декларант кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде ұсынуы қажет.

Нұрлан Әміралиев –бөлім басшысы

 

Е. Бөбеев

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
17:37, 21 маусым 2021
ҚАЛА ДАМУЫНА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
17:36, 21 маусым 2021
ЖОЛ- КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН 7 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар