ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАН ИЕСІ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

12:24, 25 қараша 2021

Шымкентте студенттің тәжірибесін шыңдап, жас маманның жұмысқа орналасуына мүмкіндік молаймақ. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен үш жақты меморандумға қол қойды. Енді техникалық мамандықты игерген түлектер еш қиындықсыз уақытша және тұрақты жұмысқа тартылады.

М. Әуезов атындағы ОҚУ-де қазір 28 мыңнан астам студент бар. Олардың дені – техникалық мамандықта оқып жүр. Университет басышының айтуынша, жыл сайын білім ордасынан мыңдаған студент қияға қанат қағып, олардың 82-пайызы тұрақты жұмысқа орналасады.

Дария Қожамжарова -  М. Әуезов атындағы ОҚУ ректоры

Биыл Шымкентте «Еңбек» бағдарламасы бойынша 28 286 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланса, бүгінге дейін 26 013  адам жұмысқа жолданған.  Оның 2 578-і жастар практикасымен, 347 адам әлеуметтік, 118 адам «Алғашқы жұмыс орындары» жобасы арқылы түрлі кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа орналасты.

Балмаржан Нарбекова – Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы

Индустриалды аймақта орналасқан бірнеше өндіріс орнының басшылары  бұл келіссөзді қуана қабылдады. Металлург, технолог сынды мамандарға арнайы «Жастар» практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары» сияқты бағыттардың аясында мемлекеттік бюджеттен ақы төленеді. Биыл шаһарда жыл басынан бері 26 мыңнан астам азамат жұмысқа жолданды.

 

Автор: Г. Қалмырзақызы                      

Тақырып бойынша материалдар

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ ҰСЫНЫЛДЫ
20:23, 26 қараша 2021
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК ҚҰРУ...
Толығырақ...
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
20:19, 26 қараша 2021
АЙМАҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
20:14, 26 қараша 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕЛЬГИЯ КОРОЛЬДІГІНЕ РЕСМИ САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

13:05, 22 қараша 2021
ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ «ONTUSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТІМЕН ЖҮЗ...
Толығырақ...
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
17:29, 22 қараша 2021
АЛАТАУ АУЫЛ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Толығырақ...
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...