ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

15:47, 26 қазан 2021

Түркістан қаласында «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді дамытудың моделі мен жаңартылған «Step by step» технологиясының үйлесімділігі» атты республикалық конференциясы өтті. «Бөбек» бөбекжай балабақшасында өткен шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Ақтау, Өскемен, Қызылорда және Шымкент қалаларының мектепке дейінгі ұйым педагогтары арнайы қатысты.

Конференцияға келуші қонақтарды балабақшаның ата-аналары ән шашумен, күзгі жәрмеңкесімен қарсы алды.«Step by step» технологиясы елімізде кең таралған әдістердің бірі. Жалпы бұл ұғымның мағынасы тәй-тәй дегенді білдіреді. Яғни мектепке дейінгі ұйымдарда, бала-бақшалардағы бүлдіршіндердің жеке қабылдауы мен даму кезеңдерін есепке ала отырып білім беру. Технологияның балаларға іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігіне, зерттеу ісімен шұғылдануына, іскер және тапқыр болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісіне отбасы белсенді қатыса алады.

Бақыткүл Ноғайбекова - «Step by step» қоғамдық қорының директоры

Сонымен қатар балабақша бүлдіршіндері ғылыми жобаларын келген қонақтардың назарына ұсынса, Солнышко, Арай, Күншуақ, Аяулым, Звездочка топтары «Step by step» технологиясы бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымен таныстырды. Нұр-Сұлтан қаласынан тәжірибе алмасуға арнайы келген Анар Смакова бұндай технологияның балалардың ойлау қабілетінің дамуына да қосар үлесі зор екенін жеткізді.

Анар Смакова – Нұр-Сұлтан қаласы №95-і Алматы балабақшасының меңгерушісі

Бөбекжай балабақшасы жалпыға міндетті үш қадам бойынша жұмыс жасап келеді.Осы жылдан бастап «Тәй-Тәй» технологиясы енгізіліп,ондағы орталықтар бойынша балалар зерттеу бағытында,еркін ойнауға,өз ойын ашық білдіруге мүмкіндіктері бар. Жалпы алғанда «Тәй-Тәй» бағдарламасы баланы жан-жақты дамыту және ата-анамен тығыз байланыс орнату секілді екі бағытта жұмыс жасайды.

 

Е. Бөбеев

Тақырып бойынша материалдар

Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
14:19, 30 қараша 2021
Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
14:17, 30 қараша 2021
ТҮРКІСТАНДА "ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" АТТЫ САЛТАНА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
17:38, 24 қараша 2021
«МӘДЕНИ МҰРА»: СУРЕТШІ-ПЕДАГОГТАРДЫҢ СИМПОЗИУМЫ
Толығырақ...
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кыргызстану из-за ситуации в Афганистане
20:53, 25 қараша 2021
Казахстан окажет военно-техническую помощь Таджикистану и Кы...
Толығырақ...
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОДАТЕЛЯ
17:57, 25 қараша 2021
ПОЛИЦЕЙСКИЕ ЗАДЕРЖАЛИ ПОДОЗРЕВАЕМОГО УГНАЛ ТРАКТОР У РАБОТОД...
Толығырақ...