ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ТЕНДЕРДІҢ ТӘШПІШІ

14:34, 19 қаңтар 2021

Тендерден кейінгі тәшпіш. Шымкентте карантин кезінде мектеп асханаларына өткізілген тендерге қатысқан кәсіпкерлердің басы дауға қалды.Себебі, пандемия тұсында өткізілген мемлекеттік сатып алудың нәтижелері тиісті органдарға тіркелмеген. Сонымен қатар, келісімшарт жасалмай кәсіпкерлерден дәлелді бас тартулар алынбаған. Енді олар жосықсыз мердігер тізіміне еніп қалуы мүмкін.

Негізінде 2020 жылы қаладағы тұрмысы төмен көп балалы отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қала бюджетінен 1 миллиард 727 миллион теңге бөлінген. Оны игеру үшін бір емес бірнеше рет тендер өткізілген. Бір қызығы сол сатып алулардың кейбірі әлемде коронавирус ифекциясы өршіп тұрған тұста өтеді. Барлығында жеңімпаздар анықталған. Бірақ, кәсіпкерлерге пайда әкелуі тиіс тендер керісінше тәшпішке ұрындырған. 

Сабира Адамбекова – Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілі

Жоғарыда көрсетілгендей мемлекеттік орта білім ұйымдарымен конкурстарды өткізіп-өткізбей, өткізіп күшін жойып, тіркеуден өткізбей кәсіпкерлерді әбден сарсаңға салған. Тиісті түсінік жұмыстарын жүргізбеу салдарынан бұл әрекеттер әрине жемқорлық жағдайға зор мүмкіндіктерді тудырады.

Ал, биыл нақ осы бағытқа 2 млрд теңгеден астам қаржы бағытталып отыр. Бірақ, осы жылғы жағдайдың қалай болатыны белгісіз. Былтырғы жағдайдың не себепті олай болып, кәсіпкерлерді сарсаңға салуға қалалық білім басқармасындағылар корновирусты кінәлап отыр. 
Айгерім Нұрлан – Шымкент қалалық білім басқармасының бас есепшісі 
Бұл жағдай не себепті орын алды? Кокрнавирустық шектеулер орын алды. Одан кейін карантин жағдайлары орын алды. Имектептерде асхананы жалғастыру бойынша рұқсат берілмегендіктен қаралған қарждылар басқада мектептің қажеттіліктеріне кері бағытталған болатын.   
Кәсіпкерлердің мәселесі бүгінде қалалық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінде қаралуда. Ал, биылғы қаралған қаржыны мақсатты жұмсау үшін білім басқармасы мектептерде зерделеу жұмыстарын жүргізуде. 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
17:00, 9 сәуір 2021
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАҒЫ БІР ТУЫНДЫМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
16:49, 6 сәуір 2021
ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕГЕ ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
17:35, 5 сәуір 2021
ЖЕҢІЛ КӨЛІК АТТЫ ҚАҒЫП ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ
Толығырақ...