ШҰҒЫЛ! ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН АТТЫ ЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Толығырақ

ТӘРТІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСЫ БАР 3520 АДАМ ПОЛИЦИЯҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

19:42, 12 қаңтар 2022

Шымкент қаласындағы жағдай қалыпты. Жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 мың 520 адам жеткізілді. Бүгінге дейін 366 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 271-і қамауға алынып, 40-на айыппұл салынды және 55 азаматқа ескерту берілді.

Қала шекараларында орнатылған блокпосттарда 14 мыңнан астам автокөлік тексеріліп, 9 адам ұсталды. Көліктерді қарау кезінде 2 газ тапаншасы тәркіленді. Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша 73 азамат қамауға алынды. Қала аумағында «коменданттық сағат» жүзеге асырылуда, стратегиялық нысандарды күзету күшейтілді, қаладағы қоғамдық саяси жағдай тұрақты бақылауда. Шымкентте сауда орталығын талқандаған тонаушылар ұсталды. Тәртіп сақшылары жалдамалы пәтерден Түркістан облысының төрт тұрғынын ұстаған. Айғақ ретінде ұрланған заттар: тұрмыстық техника, азық-түлік, ішімдік және гигиеналық заттар тәркіленген. Сондай-ақ, тәртіпсіздіктер кезінде банкомат ұрланған. Сонымен қатар, полицейлер сауда орталығынан ұрлық жасаған тағы бір күдіктіні ұстады

Ералы Жумаханбетов Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры, комендант

 

Авт. НАЗКЕН

Тақырып бойынша материалдар

АЛИМЕНТТЕН ЖАЛТАРҒАНДАР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
13:59, 25 мамыр 2022
АЛИМЕНТТЕН ЖАЛТАРҒАНДАР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
Толығырақ...
«АЙБЫН–2022» VIII ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
13:57, 25 мамыр 2022
«АЙБЫН–2022» VIII ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Толығырақ...
«МЫҢ БАЛА» МЕКТЕБІ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҚТЫ
13:54, 25 мамыр 2022
«МЫҢ БАЛА» МЕКТЕБІ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
18:28, 20 мамыр 2022
ДҮЙСЕНБАЙ АЛТЫНБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 124 ЖЫЛ!
Толығырақ...