ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

19:13, 13 желтоқсан 2019

Шардара аудандық Мәдениет сарайында еліміздің Тәуелсіздік күні тойланды. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбай мерекелік шараға жиналған қауымды құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға арнайы алғыс хаттар табыстады.

Шараға ауданның құрметті азаматтары мен тұрғындары жиналды. Алғашқы болып сөз алған аудан басшысы, алдымен Шардараның дамуына өзіндік үлес қосып жүрген белсенді азаматтарға алғыс білдіріп, марапаттар табыс етті. Онда  облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы «Алғыс хаты»,  «Ерен еңбегі үшін» медальі, ауданның 55 жылдық мерейтойына және мәслихаттың 25 жылдығына арналған мерекелік медальдар да бар. Сондай-ақ, Тәуелсіздік күніне арналған мерекеде аудандық Мәдениет сарайының өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 Қайрат Жолдыбай – Шардара ауданының әкімі

Бибімариям Битүгелова - марапат иесі, ұстаз 

 

Тақырып бойынша материалдар

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
16:14, 4 тамыз 2020
50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...