
Тәуелсіздің мерекесі қарсаңында қолға алынған жұлдызды 30 күн іс-шарасы аясында бүгін Әл-Фараби кітапханасы «Тәуелсіздік жолымен» атты квест-саяхат ұйымдастырды. Аталған шара аясында білімге құштар жастар қаладағы егемендік жылдары салынған нысандарға саяхат жасады.
Шараға қатысушылар алдымен Әл-Фараби кітапханасында болды. Онда жастар тархи дүниелермен танысты. Өз кезегінде кітапхана ұжымы сондағы жетістіктер жайлы сөз етіп, оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын оятты. Одан кейін, акцияға қатысушылар Бәйдібек би ескерткішімен Тәуелсіздік саябағындада болды. Онда да оқушыларға сол жерлер туралы тарихи ескетеліктер айтылады. Негізінде акцияның мақсаты жас ұрпақты Шымкентте Тәуелсіздік жылдары атқарылған игі істермен таныстырып, олардың бойында патриоттық сезімді ояту.
Анар Жаппарқұлова - Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхананың директоры
М Айтжанов