ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ТҮРКІСТАНДА ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

13:24, 22 қараша 2021

Тәуелсіздік алғаннан кейін 30 жылда Түркістан өңірінде аса маңызды жобалар жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг кезінде айтты.

Биыл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Тарих көзімен қарағанда, аз ғана мерзімде жаңашыл мемлекетіміздің негізі қаланды, қоғамдық сана жаңғырды, Отанымыз өркендеді. Алған асуларымыз мен шыққан биіктерімізді Елбасының есімімен бірге айтудың тарихи негізі бар. Тәуелсіздік жылдарда жалпы халықтың әл-ауқаты жақсарды. Әр өңірде ірі жобалар іске асырылды. Айталық түстік өңірде ірі экспорттаушыларға айналған компаниялар құрылды. Бұл экономикалық өсімнің жарқын көрсеткіші болды. Бұдан басқа 300-ге жуық кәсіпорын ашылып, онда 23 мыңға жуық адам жұмыс атқаруда.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Өмірзақ Естайұлы есепті жиныда индустриалияландыру жылдары 140,5 млрд. теңгеге 122 жоба іске асырылып, 7 340 тұрақты жұмыс орны ашылғанын атап өтті. Индустриалияландыру картасы аясында жобаларды іске асыру бұрын өзімізде өндірілмейтін және негізінен экспортқа бағытталатын 12 өнім түрі бойынша өндірісті дамытуға мүмкіндік берді.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Бұған қоса, Жетісай мен Мақтаарал халқын Шардара су қоймасы арқылы облыс орталығымен байланыстыратын «Арнасай айналма жолы» пайдалануға берілді. Ташкент, Алматы және Қызылорда бағытында «Батыс Европа-Батыс Қытай халықаралық транзиттік көлік дәлізі» салынды. Түркістан облыс орталығына айналды. Бұл – Тәуелсіздіктің айтарлық бір жемісі деп санаймыз», – деген өңір басшысы Сырдария бойындағы елді мекендерді су тасқынынан қорғау үшін «Көксарай» су реттегіші мен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ магистралының салынуын да тәуелсіздіктің ең үлкен жемістері деп атады.

 

Г. Қалмырзақызы                   

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
19:31, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
19:30, 21 қаңтар 2022
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

11:28, 17 қаңтар 2022
БАРЫС ЖЫЛЫН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Толығырақ...
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
11:42, 17 қаңтар 2022
КЕНТАУДА ЖЕР АСТЫ СУ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ АСАДЫ
Толығырақ...
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
11:44, 17 қаңтар 2022
КОМУНАЛДЫҚ САЛА МАМАНДАРЫНА ТЕГІН ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
Толығырақ...