
Кентауда Ел егемендігімен түйдей құрдас білім ошағы бар. Ол Қаратау тәжі саналатын қаланың орталығында орын тепкен Әл-Фараби атындағы 14 мектеп-гимназиясы. 1991 жылы ашылған мектеп Тәуелсіздікпен бірге дамып келеді. Ашылғанына биыл 30 жыл толған білім ошағының жетістігі жайлы тілші тарқатады.
Ел егемендігін алған тұста ашылған білім ошағы 2013 жылы мектеп-гимназиясы деген атқа ие болды. Қазіргі таңда мұнда 1836 бала білім алады. Оларға 167 біліктілігі жоғары ұстаздар білім береді. 2020 жылы ұлттық бірыңғай тестке 44 оқушы қатысып, оның 24-і мемлекеттік грантқа ие болды.
Сәкен Сүлейменов – Әл-фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясының директоры
Білім жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстаздың бірі Әтіркүл Қыдырбайқызы. Үлгілі ұстаз 14 мектеп-гимназиясында қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен 23 жылдан бері дәріс беріп келеді. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деген ұстанымды ұстын еткен ұстаз әрбір шәкірті биікті бағындырған сайын қуанатынын айтады.
Әтіркүл Есмұрзаева – зейнеткер ұстаз
Одан бөлек мектепте оқушыларды алға қарай жетелеп, дұрыс жолға бағыттап отыратын өзін – өзі басқару ұйымы жұмыс істейді. Ұйымға алғыр да зерек, білімді оқушылар мүшелікке қабылданады. Оның өз Президенті, оқушылардың үлгеріміне жауап беретін Білім министрі одан бөлек Тәрбие Мәдениет министрі бар. Олар оқушылар мен қоса ата-аналармен де тығыз қарым-қатынас орнатқан
Рамазан Әбдірахман – мектеп президенті
Бүгінде мектеп-гимназиясында би, домбыра және спорттық үйірмелер өз жұмыс жасауда. Ол үйірмелерде де өз ісінің үздіктері шәкірттерге қызығушылықтарына қарай жол сілтеуде.
М Айтжанов