ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

Тәжікстан Республикасының Президенті қазақстандық шекарашыны наградтады

17:30, 8 қазан 2021

Тәжікстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі №252 Жарлығымен Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және қызметтік борышын орындау кезінде танытқан ерлігі мен жанқиярлығы үшін кіші сержант Батырқанов Раджан Армияұлы 1-ші дәрежелі «Спитамен» орденімен наградталды(қайтыс болғаннан кейін).

Тәжікстанның бауырлас халқы 1993-2001 жылдар аралығында тәжік-ауған шекарасында әскери борышын өтеген Жеке құрама атқыштар батальонының әскери қызметшілері көрсеткен ерлігін еске алып, құрмет тұтады.

Анықтама: Батырқанов Раджан Армияұлы (1975-1994) жауынгер-интернационалист, батыр-шекарашы. Жеке қазақстандық құрама батальоны Күршім взводының құрамында қызмет атқарды.

1994 жылы 28 қыркүйекте Хорог шекара жасағының учаскесінде тәжік оппозициясының екі жүзден астам Хаким бастаған содырлары Висхоров шатқалындағы 5-ші және 6-шы шекара заставаларының түйіскен жерінен бұзып өтуге тырысты.

Бұл ұрысқа қазақстандық құрама батальонның жеке құрамы белсене қатысты.

Хаким содырлары 9 жүк көлігі және екі «УАЗикпен» Калай-Хумб ауданының орталығы арқылы Ауғанстан Ислам мемлекетіне өту ниетімен мемлекеттік шекара сызығының бойындағы Хорог бағытына бет алды. Лектің қозғалысын «Қара қол» лақап атымен белгілі болған содыр басқарды (кейіннен «Хаттаб» деп танылған халықаралық террорист, 1995 жылдан 2002 жылға дейін Шешенстандағы Ресей федералды күштеріне қарсы соғысқа қатысқан шешен сепаратистерінің жетекшісі).

Бұл ұрыста Р. Батырқанов қарулы содырлармен болған қиян-кескі шайқасқа бірінші болып кірді.Өз өмірінің құныменқаруластарын құтқарып қана қоймай, ұрыста жеңіске жетулерінежол ашты.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН
15:49, 26 қазан 2021
ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ...
Толығырақ...
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
15:48, 26 қазан 2021
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
15:47, 26 қазан 2021
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
12:24, 25 қазан 2021
«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
16:47, 22 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
16:46, 22 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...