ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА

17:32, 14 қыркүйек 2021

Шымкенттің орталық көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлерге тосыннан келетін хаттар көбейген. Хат тасушылардың кіреберістен қалай ішке енетіні белгісіз, бір жапырақ қағаз пәтер есігіне дейін жеткеніне, тұрғындар таңқалуда. Дін жайында сөз қозғалған хатта, тіпті арнайы сайтта жазылыпты. Үлкендер қатары, жастардың алдағы өміріне алаңдап отыр.

Сәлеметсізбе деп сыпайы түрде басталатын бұл хатты Өмірзақ  Ишанқұлов пәтерінен шыға бергенде кезіктіреді. Алғашында коммуналдық төлемдер екен деп, қағазды қолына алған қария, арнайы сайт атауын көргенде абдырап қалдым, дейді.

Өмірзақ Ишанқұлов – Шымкент қаласының тұрғыны

Бір жапырақ қағаздағы дін жайында жазылған әңгімені көргенде көпқабатты үйдің тұрғындары төбе шашымыз тік тұрды, дейді. Хатта жазылған сөздерді діни сауаты бар адамдар  Библиямен сәйкес келмейтіндігін айтуда. Ал, арнайы сайт Ехова куәгерлерінің ұйымына тиесілі болып шыққан.

Геннадий Яцук – Шымкент қаласының тұрғыны 00:44 – 00:56

«Мына жерде жазылған сөздерді оқып отырып, Библиямен мүлдем сәйкес келмейтінігіне көзім жетті. Мен Библияны оқығанмын. Кітапта олай жазылмаған. Парақтағы жазылған сөздер қайдан алынғаны белгісіз. Бұлай халықты адастырмау керек. Мұндай хаттардың ары қарай жалғасуына жол бермеуіміз керек.»

Елімізде Ехоба куәгерлері діни ұйымының жұмысына рұқсат берілгенмен, олардың көшеде емін-еркін насихат жасап, ізбасар жинауларына тиым салынған. Мұны ескеріп жатқан жандарды байқамадық деген наразы тұрғындар, есіктеріне дейін ентелеп келгендерге тұсау салынса дейді. 

 

Г.Асқарқызы                              

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...