ШҰҒЫЛ! ІНДЕТТЕН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫ ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛДЫ Толығырақ

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

17:24, 3 желтоқсан 2019

Шымкенттегі ТЖ Департаменті мереке күндері тұрғын үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігіне қатысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бір күн ішінде мамандар 2000-ға жуық үйді қарап, жадынамалар табыстаған. Бұл туралы қалалық ТЖ Департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербісов баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Мереке күндері Шымкент қаласында төтенше оқиғалар тіркелген жоқ. Алайда, 1 желтоқсанда қала тұрғындары Орынбаев атындағы ауруханаға жүгінген. Тиісті алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, олар ауруханаға жатудан бас тартқан. Сондықтан, бұл оқиға төтенше жағдай ретінде есепке алынбады, - деді Департамент басшысы. Жылыту маусымы басталғаннан бері, төтенше жағдай орын алу ықтималдығы жоғарылағанын ескерген мамандар ескерту жұмыстарын жүргізуді бастап кеткен. Алдын алу шаралары қаладағы төрт аудан аумағында толық жүргізілген. Төтеншеліктер тіпті шағын көшелерді аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауқымды шаралар маусым бойы  өз жалғасын таппақ.

Нұрболат Дербісов – Шымкент қаласы ТЖД бастығы

Мереке күні жүргізілген жұмыстар реті осындай. Ал, Орынбаев атындағы ауруханаға жүгінген 28 тұрғынға алғашқы көмек көрсетілген соғ, олар ауруханаға жатудан бас тартты. Сондықтан, біз ол жағдайды төтенше дей алмаймыз. Ал, бұндай ескерту, үгіт-насихат жұмыстары бұдан кейінде 4 ауданда өз жұмыстарын жалғастыратын болады.

Перизат Ортай

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ ПНЕВМОНИЯ МЕН COVID-19 ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:08, 14 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ПНЕВМОНИЯ МЕН COVID-19 ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІ-ДӘРМЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
19:35, 7 шілде 2020
БЕЛГІЛІ ҚАЛАМГЕР ТАЛҒАТ ОРМАНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...