ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ТҰРҒЫН ҮЙ

17:39, 14 қыркүйек 2021

Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған баспана тұрғындары шарасыз күйге түсті. Шымкенттегі «Нұрсәт» шағын ауданындағы №130 үйде тұратын әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар енді маслихат депутаттарынан көмек сұрады. Олар баспананың жайын айтып бармаған жеріміз қалмады деп отыр. Тұрғындар не бәрі 7 жыл бұрын берілген баспананың қазіргі күйіне алаңдаулы. 9 қабатты үйдің төбесінен сорғалаған су жертөлесіне жетеді. Жауын жауса электр желілері тұықталып, жарық та жалп етіп сөнеді. Жұрттың жан айқайымен қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетовтың өзі барып танысты.

«Нұрсәт» шағын ауданында орналасқан 9 қабатты № 130 тұрғын үй 2014 жылы қолданысқа берілген. Пайдалануға берілгеніне көп  уақыты болмаса да, тұрғындар қазір мұнда тұру мүкін  болмай барады  дейді. Жауын суы шатырдан сорғалап, жертөлеге толады.  Сіркеген жауыннан жарық көніп жедел саты тоқтайды. Ал, қыс мезгілінде де үйіміз тіпті дұрыс жылымайды дейді тұрғындар.

Айдын Төрегелдиева – №130 үйдің тұрғыны 

Мұндағы тұрғындар мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы және жетім болғандықтан мемлекеттік бағдарлама арқылы осында арендалық типте тұрып жатыр. Өздері де қолдан келгенше ақша жинап жөндеу жұмыстарын жүргізіпте көрген. Брақ нәтиже жоқ, дейді. 

Айдын Төрегелдиева – №130 үйдің тұрғыны 

Қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов  арнайы барып жұрттың жан айқайына құлақ асып, үйдің жайымен  танысты. Сондай-ақ, жуық арада шешілуіне бар жағдайды жасайтынын жеткізді.

Бахадыр Нарымбетов - Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы

Азамат Рысжан – Шымкент қалалық Тұрғын үй басқармасының басшысы

Ал, Шымкент қаласының тұрғын үй басқарамасының басшысы тиісті қаражат бөлінген күннің өзінде, құжат дайындау, арнай мемлекеттік сатып алу байқауын жариялау, жеңімпазды анықтау секілді мәселелер барынша тез шешілген күннің өзінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын  қараша  айында бастаймыз ,деп отыр.

 

Н.Әбдірашит                                                            

Тақырып бойынша материалдар

БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
17:50, 17 қыркүйек 2021
БАЙДУЛЛА ҚОНЫСБЕК СЕКСЕННІҢ СЕҢГІРІНДЕ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
16:34, 17 қыркүйек 2021
ТҮРКІСТАНДА ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ТҰТЫНУ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
17:32, 14 қыркүйек 2021
ТОСЫННАН КЕЛГЕН ХАТТАР ТАҢҚАЛДЫРУДА
Толығырақ...
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
12:18, 15 қыркүйек 2021
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
12:33, 15 қыркүйек 2021
8 МЫҢНАН АСТАМ АЛКАГОЛЬ ӨНІМДЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Толығырақ...