ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ Толығырақ

ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

13:52, 17 қыркүйек 2021

Шымкенттегі №14 емдеу орталығының құрылтайшысы, Отырар ауданының тумасы Балтабай Тасболатұлы өзінің кіндік қаны тамған ауылында «Туған жерге тағзым» акциясын ұйымдастырды. Шара аясында жоғары санатты медицина мамандары Балтакөл ауылының халқына үш күн бойы тегін медициналық көмек көрсетуде. Кеше бастау алған акция ертең аяқталады. Үш күннің ішінде мамандар 600-дей ауыл тұрғынын медициналық тексеруден өткізуді жоспарлап отыр

Құрамында анколог, гинеколог, гостроэнтролог сынды көпшіліктің қолы жете бремейтін мамандары бар дәрігерлер Балтакөл ауылының тұрғындарын тексеруді бейсенбі күні таңаертеңнен бастады. Акциямен барған ақхалаттылар алдына келген ағайынды арнайы апараттардың көмегімен тексеріп денсаулықтарын бақылады.

Қарлығаш Ізтаева – гинеколог-дәрігер

Диагноз қойылғаннан кейін біз ем-домды осы жерде жасаймыз. Егерде қатерлі ісікке қауіп төнген ауру болатын болса міндетті түрде биосия алынады. Жатырмойын жараларын күйдіреміз.

Ем-дом жасап, кейбір ауыр сырқаттардың диагнозын дәл табуға толық мүмкіндік бар. Ол үшін №14 емдеу орталығынан компьютерлік тамография, узи, кольпоскоп сынды заманауи апараттар алып барылған. Барлығы үш күн бойы халыққа тегін қызмет көрсетеді. Ондағы мақсат ауруды асқындырмай алдын алу.

Балтабай Тасболатұлы – Акцияны ұйымдастырушы

Біздің ауыл шалғайда жатыр. Кейде кейбір диагноздарды естіп, кейбір аурудың түрлері ауылда өршіп кеткенін естіп жаның ауырады. Осыны тамағы жыбырлағанда келсе жазып жіберуге болатын еді ғой деп. 

Айтып өтейік, Балтакөл аудан орталығынан ең шалғайда орналасқан ауыл. Онда шамамен 3 мыңдай халық тұрады. Орталықтан алыс орналасқасын тұрғындардың медициналық тексеруден жиі өтуі де қиын. Сондықтан ауыл азаматының ұйымдастырып, отырған акциясы халық үшін өте тиімді болмақ.

Әбдіғали Жүнісов – Отырар ауданының әкімі  

Мен жаңа өзімен сөйлесіп білдім, осы үш күндік қызметінің құны 30 млн теңге екен. Бұл бір ауылға 30 млн теңге инвестиция салу деген ол үлкен жүректі. Туған елген деген сүйіспеншілікті қажет ететін дүние. Сондықтан мен Балтабай Тасболатұлына оның ұжымына отбасына үлкен рахметті айтқым келеді.   

Еркін Нұрлыханов – Отырар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері

Бұған біз өте қуаныштымыз. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы осылай туған жеріне көтерілген жерін ұмытпай елім, жұртым деп тұрса халыққа өте жақсы болады.

Акция аясында Токио олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосыновпен де арнайы кездесу ұйымдастырылды. Аталған жараға ауыл тұрғындарымен мектеп оқушылары қатысып жүлдегердің жүріп өткен жолымен танысты. Өз кезегенде аудан әкімі Сәкеннің иығына шапан жауып алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН
15:49, 26 қазан 2021
ШЫМКЕНТТЕГІ НЫСАНДАР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛУІ...
Толығырақ...
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
15:48, 26 қазан 2021
СУ ҚОЙМА ҚОЖАЙЫНДАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР ТАЛАБЫНА ЖАУАП БЕРДІ
Толығырақ...
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
15:47, 26 қазан 2021
ТӘЙ ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
12:24, 25 қазан 2021
«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ-2021» БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
16:47, 22 қазан 2021
ХАЛЫҚ САНАҒЫНАН ОНЛАЙН ӨТУГЕ ҚАЙТА МҮМКІНДІКТЕР ТУДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
16:46, 22 қазан 2021
ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...