ШҰҒЫЛ! ВАКЦИНАНЫ АЛҒАШ БОЛЫП ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ САЛДЫРДЫ Толығырақ

ТҰҚЫМБАҚТАҒЫ ТІРШІЛІК

12:21, 23 ақпан 2021

Өзге өңірлер әлі қар құрсауынан құтыла алмай жатқанда Түркістан облысымен Шымкент қаласында абаттандыру жұмыстары басталып кетті. Бүгінде екі аймақтада көгалдандыру жұмыстары қарқынды. Қуантарлығы қажетті көшеттер қазір шеттен тасымалданбайды. Өйткені, қазір тек Түркістан облысының өзінде бірнеше тұқымбақ жұмыс істейді. Соның бірі Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылында орналасқан «Жасыл Ел» серіктестігі. Аталған серіктестік бүгінде сәндік ағаштардың 60-қа жуық түрін өсіруде.

Қаржан тауының етегінде орналасқан тұқымбақта қазір жұмыс қызып тұр. Мамандар күзде себілген тұқымнан өніп шыққан көшеттерді бөлек отырғызуда. Ал, 2-3 жыл болған өскіндерді қазып алып тапсырыс бойынша жөнелтіп жатыр. Құрылғанына 15 жыл болған тұқымбақта қазір сәндік ағаштардан бөлек жеміс ағаштары да өсірілуде.  

ӘбутәліпСарманов - «Жасыл Ел» ЖШС директоры

Негізінде мұнда әкелінген әр ағаш алдымен өңір табиғатына жерсіңдіріледі.  Кейін климаттық жағдайға бейімделген соң көбейтіледі. Бүгінде ол жұмыстарды жергілікті тұрғындар меңгерген. Айтып өтейік, бүгінде бақта 60-қа жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Арасында құрылғаннан бастап еңбек етіп жүргендерде бар.

Гүлайым Тоғызбаева – жұмысшы

Абаттандыру жұмысына ат салысып жүрген мамандар негізінде көгалдандыру жұмысының жемісті болуы үшін кемінде 2-3 жылдық көшеттерді отырғызған дұрыс деп санайды. Өйткені, ол өскіндер тез көгеріп жетіліп кетеді екен. Сондықтан тапсырыс беретіндерге сондай ағаш көшеттерін сатуда.

 

М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ,ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ МИНИСТРІ ҚЫЗМЕТТІК САПАРМЕН КЕЛДІ
18:27, 5 наурыз 2021
ШЫМКЕНТКЕ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ,ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБ...
Толығырақ...
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ЕРЕКШЕ БАЛА ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АНА МЕН АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
18:19, 5 наурыз 2021
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ЕРЕКШЕ БАЛА ТӘРБИЕЛЕП...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚАЙТЫС БОЛҒАН ЖАНҰЯНЫҢ ТУЫСТАРЫНА БАРЫП КӨҢІЛ АЙТТЫ
23:54, 27 ақпан 2021
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚАЙТЫС БОЛҒАН ЖАНҰЯНЫҢ ТУЫСТАРЫНА БАРЫП КӨҢІЛ...
Толығырақ...