ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ТҮЛКІБАСТАҒЫ ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР

15:45, 27 қараша 2020

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Түлкібас ауданына барды. Өңірдегі бүгінгі тыныс-тіршілікпен танысып, ауданның ақсақалдырмен кездесті. Сондай-ақ, жақында ғана қолданысқа берілген халыққа қызмет көрсету орталығында болып, жөндеу жұмыстарын қажет етіп отырған білім ұялары мен емхананың жай-күйімен танысты.

Бұған дейін ауданда кең күту залдарымен  жасақталған ХҚО болмаған.  Үзіліссіз қызмет көрсететін жаңа оталық заманауи цифрлық қызметтер көрсету орындары, оқу кабинеті, демалыс бұрышымен  жабдықталған. «Цифрлық қызмет көрсету» секторы жұмыс істейді. Соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталған орталықта бір мезетте 10 адам өз бетінше қызмет ала алады. Сондай-ақ, аудандағы тозығы жеткен 2 білім ошағының орнына жаңа ғимараттар салынатын болды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы тиісті сала мамандарына тапсырма берді. Еңбекші ауылындағы тозығы жеткен мектеп қабырғасы кезінде асар әдісімен қаланған. Іргетасы шөгіп, жалғанған қосымша бөлмелері жарыла бастаған. Енді 3 мектеп, 1 колледж толықтай сүріліп, орнына су жаңа ғимараттар бой көтереді. Түлкібас ауданы Састөбе кентінде орналасқан емхана 7 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетеді. Жарты ғасыр бұрын қабырғасы қаланған ғимараттың әбден тозығы жеткен. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апатты деп танылған дәрігерлік амбулаторияда болып,  жаңа емхана құрылысын келесі жылы бастауды тапсырды. Жаңадан бой көтеретін дәрігерлік амбулатория заманауи үлгіде жасақталып, бір ауысымда 75 келушіге арналады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙГЕ КЕЛТІРІЛДІ
17:22, 22 қаңтар 2021
ҚАЛАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ ДЕҢГЕЙГЕ КЕЛТІРІЛДІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АҚ ТҮТЕК БОРАННЫҢ САЛДАРЫНАН ЖОЛДА ҚАЛҒАН АЗАМАТТАРҒА КӨМЕКТЕСУДЕ
17:21, 22 қаңтар 2021
ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АҚ ТҮТЕК БОРАННЫҢ САЛДАРЫНАН ЖОЛДА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ЖАНАР БЕКТАЕВА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:08, 21 қаңтар 2021
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІ...
Толығырақ...