ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ТҰЛПАР МІНІП, ТУ АЛҒАН

14:39, 10 қазан 2019

«Қобыланды батыр» жырын жатқа айтқан оқушыға 1 млн теңге беріледі. Жеңмпаз шәкірттің ұстазы одан екі есе көп қаржы алады. Бұл «Qazaq epos» қоғамдық қоры жариялаған «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жүлде қоры. Сайысқа шымкент қаласындағы 116 мектептің мыңға жуық шәкірті бақ сынамақ.

Байқаудың басты мақсаты Жас санаға ұлттық тәлім-тәрбиенің негізін қалыптастырып, мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Бала кезінен қазақ ертегілерін тыңдап өскен Сержан үшін білім додасының шарттары қиындық тудырмайды. Өйткені ол Эпосқа жаны жақын оқушы. 7 сынып оқушысы  «Қобыланды батыр» жырының 125 бетін жатқа біледі.

Сержан Сапарбек – оқушы

Мен 80 мектептің оқушысымын. 7 сынып оқимын. Бұл жырды жасттау арқылы санама көнерген сөздерді үйренетін боламын.

Байқауға қатысуға 610 мұғалім мен  1094 оқушыдан өтініш түскен. Сайыстың алғашқы кезеңі қазанның 28-і мен 31-і аралығында өтеді. Ол кезде Шымкент қаласына қарасты 4 ауданнан үздіктер анықталады. Қазылар алқасының сынынан сүрінбей өткен оқушылар ақтық  кезеңде бақ сынасады.

Нұрдаулет Кенжебай- жоба жетекшісі

Аудандық кезеңде жырды жаттау мәнеріне және жырдың арасында кездесетін көнерген сөздің мәнін ашып, құйылған сұрақтарға жауап беруі тиіс. Республика аумағында ұйымдастырылып жатыр бұл шара. Біздің қалада 3 -ші өтетін болады.

Байқау 10 балдық жүйемен белгіленеді. Негізгі үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – жырдан сайыс. Бірі бастаған жырды екіншісі мүдірмей сол жерден жалғап кетуі керек. Жырда кездесетін  жер-су аттарына, көнерген сөздердің мән-мағынасын ашу бойынша сынға түседі. Ақтық сында қаладағы 4 ауданнан 12 оқушы қатысады.

Д.Өмірзақова                                                                        

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...