ШҰҒЫЛ! ОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ТҮН ЖАРЫМДА ЖАЛҒЫЗ ЖҮРГЕН 3 ЖАСАР БАЛА ТАБЫЛДЫ

17:21, 4 мамыр 2021

Түркістан облысында түн жарымында жалғыз жүрген 3 жасар бала табылды. Абырой болғанда бүлдіршінді арнайы шақыртуға бара жатқан тәртіп сақшылары байқап қалған. Таңғы 4,30 да Жетісайдағы «Абай» саябағында жалғыз жүрген ұл бала тіпті мандыртып сөйлей де алмайды екен. Полицейлер жаурап қалған бүлдіршінді бірден кезекші бөлімге жеткізіп, ас-ауқатын берген.

Тәртіп сақшылары бала табылған маңдағы үйлерге жеке-жеке кіріп, бүлдіршіннің суретін көрсетіп ата-анасын табуға тырысқан. Полицейлердің жіті жүргізген жұмыстарының нәтижесінде баланың туыстары табылып, бүлдіршін қолдарына аман-есен  берілді. Кейіннен белгілі болғандай түн жарымында ұйқыдан оянған бүлдіршін далаға шығып беті ауған жаққа кетіп қалған. Таң ертең ұйқыдан оянған анасы баласының жоғын бірақ білген. Бірден құзырлы орган өкілдеріне хабар берместен өз беттерінше іздеп көрген. Одан нәтиже болмаған. Тәртіп сақшылары көшеде жан далбасалап әркімнен бір сұрау сұрап жүрген қыз баланы көріп мән-жайды сұрағанда барып оның әлгі бүлдіршіннің туысы екенін анықтаған. Ал, 3 жасар баланың туысы Фатима Бақбергенова полиция қызметкерлеріне шынайы ризашылығын жеткізді.

Фатима Бақбергенова - қала тұрғыны 

«Сіздерге үлкен рақмет. Бейуақытта жалғыз жүрген баламызды тауып, аман-есен қайтарғандарыңыз үшін. Қазіргі заманда түрлі жағдайлар болып жатыр. Қорқып кетіп едік. Соңы сіздердің арқаларыңызда жақсы аяқталды. Күндіз-түні ұйықтамай, елдің ұйқысының тыныштығын қадағалап жүргендеріңізге мың алғыс!»

Нұрдәулет  Насирбаев - Жетісай АПБ ЖПҚ Ювеналды полиция  тобының инспекторы

 

Е. Бөбеев

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
20:29, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ӨҢЕШ ОБЫРЫНА ТІЛІКСІЗ ОТА ЖАСАЛДЫ
Толығырақ...
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
17:02, 4 тамыз 2021
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
17:00, 4 тамыз 2021
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА 2 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
17:14, 30 шілде 2021
БІР КҮНДЕ БІР ҮЙДЕН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
ШЫЛАУШАННАН ДА   ШАШ ЕТЕКТЕН  ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
13:55, 29 шілде 2021
ШЫЛАУШАННАН ДА ШАШ ЕТЕКТЕН ПАЙДА ТАБУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...